89- бап 1. Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың
өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн
-
өзi басқару танылады.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара) 2. Жергілікті өзін
-
өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай
-
ақ ол
мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті
қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін
-
өзі басқару органдары арқылы жүзеге
асырылады.
Жергілікті өзін
-
өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
заңға сәйкес берілуі мүмкін.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара) 3. Қазақстанда жергілікті өзін
-
өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі
заңмен
реттеледі.
4. Жергiлiктi өзiн
-
өзi басқару органдарының
дербестiгiне олардың заңмен белгiленген
өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.
IX БӨЛIМ ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР 90- бап 1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы референдум нәтижелерi ресми түрде жарияланған күннен бастап күшiне
енедi, сол мезгiлден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы
Конституциясының күшi жойылады.
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнi деп жарияланады.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 91- бап өзгертілді 91- бап 35