1-ТАПСЫРМА
Өміріңізде не үшін шүкіршілік айтасыз? Сізге берілген ең басты
нығметтер мен
артықшылықтарды, мүмкіншіліктерді жазыңыз.
Мысалы: Аллаға шүкір, күйеуім, бала-шағаммен бөлек тұрамын. Ешкімге
жалтақтамай, қалаған нәрсемді жасай аламын.
Аллаға шүкір, күйеуім мені түсінеді. Егер бір нәрсеге сеніп іс бастағым келсе,
қолдайды.
Аллаға шүкір, менің үлкен мотивациям, көзқуанышым балаларым бар. Егер
олар болмағанда бүкіл ойым, жүйкем, ақша бала болмаудың себебін анықтап,
өзгелердің алдында ақталып және ЭКО-ға кетер ме еді.
2-ТАПСЫРМА
Әлбетте, сізге шүкір ететін және сонымен қатар өзгерткіңіз келетін нәрселер
де бар болар. Ол әлдекімдер айтқандай қанағатсыздық емес.
Керісінше, әр
уақыт Аллаға тәуекел етуге, Алладан сұрауға итермелейтін, сол арқылы мақсат
қойып, оған қол жеткізгенде осыны нәсіп еткізген Аллаға тағы да,
одан әрі
шүкіршілік ету арқылы иманымызды нығайтатын керемет мүмкіндік.
Сондықтан төменге Алланың қалауымен өзгерткіңіз келген нәрсені
жазыңыз.
Жалпылама емес, мейлінше нақтырақ жазуға тырысыңыз.
Мысалы: Мен күнделікті дұрыс тамақтанып, аптасына үш рет терлеп,
бір сағат жаттығу арқылы артық салмақтан арылып, денсаулығымды
қалыпқа келтіремін.
Мен күнделікті көзге арналған М.Норбеков жаттығуы мен арнайы
дәрумендер ішіп, әр намаз сайын көзімнің қырағылығын Алладан сұрап дұға
жасау арқылы осы жылы көзілдірікті тастаймын.