Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет269/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

7)
 
Оқытудың белгі-контекстік технологиясы. 
«Контекст» сөзі 
латын тілінен аударғанда «contextus» – өрілу, бірігу деген мағы-наны 
білдіреді. А.А.Вербицкийдің белгі-контестік оқытутехнологиясы кәсіби білім 
беру саласына арналған және оқыту үдерісінде білім алу-шының болашақ 
кәсіби іс-әрекеті контекстінде қарастырумен негіз-деледі. Технологияның 
басты идеясы - оқыту үдерісінде ғылыми теория мен кәсіптік саланы 
(өндірісті) кіріктіру. Яғни, жоғары оқу орын-дарында білім алушылар тек 
пән мазмұндарын меңгерумен емес, соған қоса алған білімдерін кәсіби 
салада пайдалану дағдыларын қалып-тастыра алулары керек. Демек, білім 
болашақ кәсіби іс-әрекет контекс-тінде (кәсіби іс-әрекет моделі, белгісі 
арқылы) берілуі керек.
Технологияда білім алушының үш түрлі іс
-
әрекеті ажыра-тылып 
қарастырылады: 
-
Академиялық типтегі оқу іс-әрекеті (лекция, семинар, өздік және 
лабораториялық жұмыстар, т.б.); 
-
Квазикәсіби іс-әрекет (кәсіпті меңзейтін іскерлік ойындар
сабақтың кәсіби іс-әрекетке жақындатылған ойын формалары, т.б.); 
-
Оқу-кәсіби іс-әрекет (ғылыми-зерттеу жұмыстары, кәсіптік 
практика, дипломдық жұмыс, т.б.). 
Осы іс-әрекет түрлерінің өзара кіріктіріле атқарылуы конекстік оқыту 
технологиясының мәнін ашады. Контекстік оқыту білім беру саласындағы 
негізгі қарама-қайшылық болып табылатын теориялық білімдердің шынайы 
кәсіби іс-әрекет талаптарына сәйкессіздігін жоюға бағытталған.
Бұл технологияны қолданудың негізгі принциптері: 
-
теория мен практиканың байланысын модельдеу; 
-
бірлескен іс-әрекет түрлерін модельдеу; 
-
тұлғаның белсенділігін қалыптастыру; 
-
проблемалық жағдаяттарды шешу; 
-
оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету; 
Іскерлік ойын – казір кәсіби (болашақ кәсіпті елестету) іс-әрекеттің 
жетекші формасы болып табылады. Іскерлік ойын арқылы білім алушы 
өзінің болашақ кәсібімен жанама түрде тереңірек таны-сады, ондағы 
қызметтерін іс-жүзінде орындап көруге тырысады. Мы-салы, педагогтық 
кәсіпті жақсы меңгеру үшін, болашақ ұстаздар ара-сында іскерлік ойындар 
ұйымдастыру арқылы олардың бойында сөйлеу шеберлігін, шығармашылық, 
ұйымдастырушылық, конструк-тивтік, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға 
болады.
Сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуге қойылатын әдістемелік 
талаптарды ескеру қажет: 
-
Іскерлік ойын бір тарауды пысықтау үшін, оның логикалық 
аяқталуын көрсету үшін қоланылады; 
-
Ойынның ұйымдастырылуы барынша шынайы кәсіби іс-әрекет 
моделіне сәйкес болуы керек; 


343 
-
Еркін шығармашылық және ізденіс ахуалының қамтамасыз етілуі 
қажет; 
-
Қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау талап етіледі; 
-
Іскерлік ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны, жүргізу 
ережелерінің нақты белгіленуі; 
-
Ойында көрсетілген кәсіби мәселенің мүмкін болатын бір-неше 
шешімдерінің анықталуы; 
-
Ойынды жүргізуге қажетті жабдықтардың болуы. 
Контекстік оқыту технологиясы жоғарғы сынып оқушыларының 
арасында, кәсіпке бейімдеу барысында қолдану өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет