27
сәндік қолданбалы өнер түрлері мен туындыларын ізім түрінде
көрсетуге
болады.
Оқушы қыз балаларға етене таныс кесте өнерінің негізгі бағыттарын
бағдарды слайд түрінде көрсетіп, олардың өз кестелерін жасауына қызы-
ғушылық тудыру керек. Дерек: “Кестенің біз кесте, шым кесте, әредік ке-
сте деген түрлері бар.
Біз кесте
– дөңгелек немесе төрт бұрышты кергішке
керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек
бойынша қармақты бізбен
шалу арқылы жасалады. Көбіне орамал алақанына, дастарханға салына-
ды.
Шым кесте
– кестенің мата бетіне ашық жер қалдырмай немесе өте
аз
қалдырып, тұтас кестеленеді. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, орамал,
шапан, кежім, сәукеле, салынады.
Әредік кесте
– матаның әр жеріне бөлек-
бөлек кестеленеді. Ол тақия, балақ, етек, жаға, өңір, қоныш сияқты киім
бөлшектеріне, перде жиегіге салынады. Салтанатты киімдердерге алтын,
күміс
жібі талшықтарынан
зер кесте
салынған”.
дерек:
”Зергерлік бұйымдар о баста тұмар ретінде пайдаланылса керек. Түсті
тастар, қасиетті деп саналатын аң-құстардың тісі, тұяғы, қауырсыны тәрізді
киелі саналып, олардан моншақ, білезік, сырға жасап тағу үрдісі қалыптасты.
Зергерлік өнер туындылары халықтың ертеректегі наным-сенімінен мол
мағұлұмат береді, түрлі символдық қызмет атқарады. Атап айтқанда, зергерлік
бұйымдар сәндік мақсатта қолданумен бірге, адамның қоғамдағы орны
(қоғамдағы
мәртебесі, лауазымы) жас мөлшері, жынысы, қандай кәсіппен
айналысатыны, қай ру-тайпаға жататыны сияқты ерекшеліктерін байқатып
тұратын символдық функция атқарды”. (
Қазақтың этнографиялық категория-
лар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 3 том. Алматы, 2012. – Б. 59.)
”Халық арасында ұста-зергерлердің дүкенін қасиетті орын деп санайды.
Ұстаның дүкенінде дауыс көтеруге, балағат сөз бен өсек айтуға қатаң тиым
салынды. Әйтпесе, Дәуіт пайғамбардың ашынуы әбден кәдік. Тіпті, адамның
аузы қисайып қалуы мүмкін. Құрал-аспаптарды аттап өткен адамның аяғы
қақсайды, тіпті ақсап қалады екен деседі. Шеберханаға таяу жерге дәрет
сындыруға болмайды. Ондай жерге, әдетте, жуынып-шайынып, таза болып
бару керек. Ел ішінде бұлардан басқа да қолөнеріне, шеберлер жасаған заттарға
байланысты ырымдар мен тиымдар, әдет-ғұрыптар сақталған”. (
Қазақтың
этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.
3 том. Алматы, 2012. – Б.596.)
Деректерді оқып, оқушыларға қазақтың
сәндік қолданбалы өнерінің
ерекшелігін айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: