8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақ түрі мен әдісі
Диспут. Интербелсенділік, ақпараттылық. Сыни ойлау әдісі арқылы 
байырғы отбасылық дәстүрлер мен қазіргі кезеңдегі отбасылық дәстүрлердің 
арасындағы айырмашылықтарды ажырата білуін ұйымдастыру. 
сабаққа қатысты ескертпелер
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар тақырыбы ауқымды болғандықтан бала 
тәрбиесіне, отбасылық дәстүрлерге қатысты, үлкенге құрмет, қонақжайлылық 
дәстүрлері қамтылатынын айту керек. Оқушылардан өздері куә болған тұсау 
кесу, бесікке салу рәсімдері жайлы естеліктерін сұрауға болады. Ат қою 
рәсіміне байланысты өз аттарының мәні мен мағынасы туралы пікірлерін 
білуге болады.
Бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалауда келесідей 
сұрақтарды ұйымдастыруға болады. 
Қонақасы беру, қонақжайлылық туралы не білесің?
Не себептен үлкен ұл бөлек үй болып кетіп, кенже бала шаңыраққа ие 
болып қалған. 
Қосымша тапсырма
Бесік жырының үлгілерін жаттап келуге тапсырма беру;
Батаның қандай түрлерін білетінін сұрап, жатқа айтып беруін тапсыру.
Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Наурыз мерекесіне қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:
а) Наурызнама
е) Наурыз көже
В) Жеті ата
F) Көрісу
с) Ұзынсары  
G) Бата жасау
Д) Рахмет айту
H) Жақындарына мал беру


26
§ 17. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі
сабақтың мақсаты
7.2.2.4 – қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
зерттеу сұрағы 
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
Оқулық
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі. 60–63 беттер.
Тірек сөздер
Қолөнер, Шебер, Ұста, Зергер, Тоқымашы, Тігіншілік.
ресурстар
1. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. – Алматы: Рауан, 1995.
2. Алимбай Н., Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жиз-
необеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998.
3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Ал-
маты: “Өнер” баспасы, 1987.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет