8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет9/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабаққа қатысты ескертпелер: 
Сабақты ұйымдастыру барасында Ақ тамберді, Үмбетей, Тәтіқара жырау-
лардың шығармаларынан арнайы үзін ділер дайындау керек. Патриоттық рух-
ты шығармалар арқылы Орбадасы жиыны мен Қалмаққырылған шайқасының 
ел бірлігі мен рухын көтерудегі маңызын көрсетуге болады.
сабақтың барысы. 
Мұғалім 1723 жылы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның” оқиғасы 
басталған қайғылы уақыт қазақ халқының ерік-жігері мен рухын мұқата 
алмағанын азаттық күресті ұйымдастыруды қолға алған батырлар, билер мен 
хан-сұлтандардың қызметі арқылы баяндайды. 
Ордабасындағы жиынды көшпелілердің тарихи дәстүрлеріндегі құрыл тай 
жиналыстарының маңызымен салысыра отырып көрсетеді. Сонымен қатар, 
Қаламқырылған шайқасының өткен орны, осы шайқаста қазақ қолбасшылары 
таңдап алған шайқастың стратегиясы мен тактикасын талдап көрсетеді. 
Шайқастың жоңғар шапқыншылығына қарсы толық тойтарыс беру ісін жүзеге 
асырудағы маңызын талдайды. 
Білімді бағалау мүмкіндіктері: 
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар бере отырып, олардың сабақты игеру 
мүмкіндіктерін бағалауға болады. 
1. Ордабасыдағы басқосу кімдердің қатысуымен өтті?
2. Жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру ісінде кімдер жетекші рөл атқарды?
3. Ордабасыдағы басқосудың тарихи маңызы қандай?
4. Бұланты шайқасы қай жерде өтті?
5. Бұланты немес “Қалмаққырылған” шайқасының тарихи маңызы қандай?
Қосымша тапсырма: 
Қазақстан аумағындағы “Қалмаққырылған” деген атаумен белгілі топо-
ним дерді анықтаңдар және олардың пайда болу тарихын анықтаңдар. 


10
§5. аңырақай шайқасы және оның тарихи маңызы 
сабақтың мақсаты: 
7.3.2.1. – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен 
батырлардың рөлін түсіндіру.
зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы 
түбегейлі бетбұрыс деп саналады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет