8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


§25–26. 1836–1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы



Pdf көрінісі
бет45/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

§25–26. 1836–1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы
қазақтардың көтерілісі
1-сабақ. Көтерілістің себептері, барысы және негізгі кезеңдері.
сабақтың мақсаты
7.3.1.5 – қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің 
себеп-салдарын анықтау; 
зерттеу сұрағы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?
Оқулық
1836–1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі. 
90–98 бет. 
Тірек сөздер: 
Бөкей Ордасы, Ішкі Орда, Бөкей хан, Жәңгір хан, Исатай Тайманұлы
ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.І-2. – 
Астана, 2013.
История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010. 
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы” (М.Жолдасбекұлы, 
Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). – Астана, 2001.
Көрнекілік
Бөкей Ордасының хандары Бөкейдің және Жәңгірдің, Нұралының 
суреттері, А.И.Левшиннің суреті, Бөкей хандығының орналасу аймағын 
көрсететін карта, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының суреттері, 
Исатайдың Жәңгір ханға жазған хатының фото көшірмесі, Махамбеттің 
Жәңгір ханға жазған хатының көшірмесі, көтерілістің Тастөбе аймағында 
болған шайқасының картасы, көтерілістің соңғы кезеңін Ақбұлақтағы 
шайқасты бейнелеген карта, көтерілісті көрсететін телефильмдерден үзінділер. 
Оқулықтың 102, 103, 104 бетіндегі суреттер.
Мақсатты айқындау
Бөкей Ордасының құрылуын, оның шаруашылықтық және саяси-
әлеуметтік ерекшеліктерін түсіндіру. Шаруалар көтерілісінің басталу себеп-
терін және оның барысын, көтеріліске басшы болған Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет Өтемісұлының басшылық рөлін, патша өкіметінің көтеріліске қарсы 
қолданған шараларын, көтерілістің өрістеуін және жеңілу салдарлары мен 
маңызын баяндау. 


42
Дамытушылық маңызы.
Бөкей Ордасының құрылу тарихын түсіндіру 
арқылы патша өкіметінің қазақ жеріндегі хандық билікті қалай талқандағанын 
және өзінің билігін орнықтыру үшін қандай саяси айла-шарғыларға барғанын 
түсіндіру. Бөкей Ордасындағы 1836–1838 жылдардағы көтерілістің бары-
сын және салдарларын айту арқылы оның қазақтардың кейінгі ұлт-азаттық 
қозғалыстарына жасаған әсерін және маңызын әңгімелеу. Отаршыл империяға 
қарсы күрес ұйымшыл болғанда ғана жеңіске жететінін оқушыларға ұғындыру.
Тәрбиелік маңызы.
Отарлаушы империяның кейде наразы халықтың 
қарсылығын жаныштау үшін мемлекеттік құрылыста қуыршақ басқару аппа-
раттарын ұйымдастыратын, оның өзі шын мәнінде халықтың тәуелсіздікке қол 
жеткізуіне үлкен кедергі жасайтынын Бөкей Ордасын құру тарихы негізінде 
оқушыларға ұғындырып, оларды халықшылдық сезім рухына тәрбиелеу. Бұл 
дәстүр мұғалімнің қызықты баяндауының арқасында оқушыларға рухтанды-
рушы әсер беріп, оларды халықтың ерлік дәстүрлерінің тәжірибесі негізінде 
халықшылдыққа тәрбиелеуі тиіс. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы 
мен атақты ақын Махамбет Өтемісұлының шаруалар көтерілісіне басшылық 
жасаудағы рөлін көрсете келе, олардың халық мүддесіне берілген адалдығы 
және ержүректігі мен батырлығы негізінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие 
беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет