8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет46/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақ түрі мен әдісі
Аралас сабақ, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, 
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін 
дамыту.
сабаққа қатысты ескертпелер 
Оқытушы сабақ барысында оқушылар назарын төмендегідей мәселелерге 
аударады:
1. Бөкей Ордасының құрылуы. Бөкей сұлтан және оның қызметі. 
2. Бөкей Ордасының шаруашылығы және әлеуметтік өмірі. Бөкей Орда-
сының саяси құрылысы.
3. Жәңгір ханның саяси-мәдени қызметі. 
4. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері, Кіші жүз аймағына таралуы.
5. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілісті басқару-
дағы ерекшеліктері мен ерліктері. Ақбұлақтағы соңғы шайқас.
6. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары
7. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалім сабақта Кіші жүзді бөлшектейтін Бөкей Ордасын құрудағы 
отаршылдардың мақсатын, Орданың алғашқы ханы Бөкей сұлтанның 
қыз метін, Ішкі ордадағы халықтың шаруашылық жағдайын, дәстүр сал-
тын, Бөкей Ордасының саяси құрылысын және Жәңгір ханның іс-әре кетін 
жан-жақты түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға шаруалар көтерілісі неліктен 
басталғандығын нақты мысалдар негізінде түсінікті де, тартымды тілмен 
ұғындырады. Көтерілістегі Исатай мен Махамбеттің ерліктерін әңгімелейді. 
Көтерілістің барысын баяндай отырып, оған қарсы патша өкіметінің қолданған 
шараларын ашып көрсетеді. Оқушылар үш топ болып жұмыс жасайды. 
Алғашқы топ көтерілістің басталуын сипаттайтын, оның себептерін көрсететін 


43
тезистер жазады. Екінші топ Махамбет Өтемісұлының шығармаларын және 
Исатайдың ханға және отаршыл орыс билігіне жазған хаттарын пайдалана 
отырып, көтеріліс басшыларының мақсатын, халыққа берілгендігін және 
ерлігін ашып көрсетеді. Үшінші топ Кіші жүздегі көтерілістің өрістеуін және 
ол таралған аймақтарды картада белгілейді.
Мұғалім өзі жасаған сабақ жоспарына сәйкес сабақты төмендегідей мәселе-
лер төңірегінде қорытындылайды: 
1. Бөкей Ордасының құрылуының алғышарттары. Бөкей Ордасының саяси-
әлеуметтік ерекшеліктері.
2. Бөкей Ордасындағы шаруашылық мәселесі. Бөкей Нұралыұлының қызметі.
3. Жәңгір ханның саяси-ағартушылық жұмыстары.
4. Көтерілістің барысы, Кіші жүзде өрістеуі, баяулау себептері.
5. Махамбет Өтемісұлы шығармасындағы Исатай Тайманұлының образы.
6. Патшалық биліктің көтеріліске қарсы ұстанымы.
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын 
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 
қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы 
аты-жөні
Оқушы -
ның өзінің 
өзіне 
қойған 
бағасы
Топ 
басшысы-
ның
қойған-
бағасы
Топтық 
жұмысқа 
қатысуы
Тапсыр-
маларды 
орын дауға 
қатысуы
Бекіту 
сұрақ-
тарына 
жауабы
Қоры-
тынды баға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет