8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет7/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабақтың барысы: 
Мұғалім сабақты өткен сабақ тақырыбына сүйене отырып, жоңғарлардың 
қазақ жетіне шапқыншлық соғыстарының басты себептері қандай болғандығын 
оқушылардын сұрау арқылы бастайды. Одан әрі, жоңғар шапқыншылығының 
XVIII ғасырдың басында күшейе түскендігін, сонымен қатар жоңғарлармен 
бірге өткен сабақтарда айтып өткен басқа жаулардың шапқыншылықтары 
жан-жақтан күшейген тұста қазақ қоғамында жауға қарсы тойтарыс беру ісі 
әлсірегендігін талдауына жетелеуі тиіс. Дегенмен, мұғалім оқушылардың наза-
рын 1710 жылғы Қарақұм жиынына аудара отырып, ондағы батырлардың ел 
тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы ерен еңбектерін шабыттана жеткізуі 
керек. Осы орайда мұғалім атақты батырлардың бейнелерін көрсете отырып, 
Қарақұм жиналысы туралы бірден-бір тарихи дерек Гавердовский жазбасының 
жазылу тарихымен таныстыра кетеді. Нәтижесінде 1711, 1713 жылдардағы 
жауға берілген тойтарыс туралы айтып өтуі керек. Бірақ, 1718 жылғы Аяғөз 
шайқасындағы жеңіске қарамастан, хан-сұлтандар арасындағы алауыздықтың 


8
нәтижесінде жаудың түпкілікті жеңілмеуі болашақтағы қасіретті жылдарға 
алып келгендігін терең түсіндіреді. 
Бағалу мүмкіндіктері: 
Жоғарыда көрсетілген негізде білім алған оқушылар төмендегідей сұрақтар 
негізінде қорытынды жасайды. Жауаптарды «серпілген сұрақ» тәсілімен 
ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс бойынша оқушылардың төменде берілген 
сұрақтарға жауаптарын одан әрі толықтыруға мүмкіндік беріледі. Мысалы: 
«Айжан, Рауанның жауабын қалай толықтыратын едің?», «Санат, барлық 
сұрақтарға берілген жауаптарды қалай қысқа қорытындылауға болады?» 
және с.с. 
1. Жоңғар шапқыншылығының күшеюінің басты себептері неде?
2. Қарақұм жиналысында қандай шешім қабылданды?
3. Қарақұм жиналысындағы азаттық күресті ұйымдастыру туралы бастама 
көтерген тарихи тұлғалардың қызметін қалай бағалайсыңдар?
4. Қарақұм жиналысындағы шешімнің нәтижесінде қазақ қолы қандай 
жетістіктерге жетті?
5. Аягөз шайқасындағы қазақ қолының жеңісі толық болды ма? Өз 
пікіріңді дәлелдеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет