115
2. Ангиоретикулема көбінесе үлкен аралық қуысты, баяу
өсетін, мидың жақсы шектелген ісік. Көбінесе мишықта кездеседі.
Микроскопияда ісікті тамыр торы мен тамыр аралық ретикулярлық
ұлпадан тұрады.
3.Нейроэктодермалық ісіктер. Ми ісіктерінің ең көп тобын
құрайды (Бурденко атындағы нейрохирургия институтының
мәліметтері бойынша 62%). Бұл ісіктердің жасушалық элеметтері
нейроэктодермалық ұрық жапырақшаларынан шығады.
1. Астроцитома – кейде үлкен аралық қуысы бар, ми ішінде
инфильтрациялы өсетін ісік. Көбінесе үлкен жарты шар мен
мишықта орналасады. Дедифференциациялды ацтроцитома
малигнизация кезеңіндегі астроцитома болады.
2. Олигодендроглиома ми ішінде инфильтрациялы өсетін,
көбінесе қарапайым ісік болады. Орта жастағы адамдардың
миының үлкен жарты шарларында жиірек кездеседі.
3. Мультиформды глиобластома (сионгиобластома) – ми
ішіндегі тез және инфильтрациялы өсетін қатерлі ісік. Көбінссе
кәрі адамдарда кездеседі және мидың үлкен жарты шарында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: