Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы



Pdf көрінісі
бет2/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

Көрнекілігі:
Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с
Түрі:
Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын 
тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы. 
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 - Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау. 4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас 
көтеру, аударыспақ ойнау ) Наурыз көже ішуден сайыстар. 
5 – «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген 
бозбала мен бойжеткендер билейді ) Би «Шашу» орындайтын: оқушысы Нұрқалиева 
Камшат
Жүрісі: 1 жүргізуші:
( сынып жетекші ) Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен 
халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, 
келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн 
теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, 
тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, 
қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
2 жүргізуші:
( оқушысы ) Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні 
деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған 
әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл 
нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан 



жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп ырымдаған, нәресте 
дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. 
 1 жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен 
қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. 
Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды 
үйлесімділік жатыр. Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», 
«Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек 
) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз 
оралымдары сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет