16
үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі
адамдардың ақылын, өсиетін
есте сақтаңдар.
1-оқушы
: Атам - кітап,
мен - дәптер,
Ақыл толы сөзіне.
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме.
2-оқушы:
Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас
Өмір – кітап – атамыз.
3-оқушы
: Беттер ашық ұдайы,
Оқылатын кітап ол.
Сырын ашып ұдайы
Тоқылатын кітап ол
Соңы концерттік бағдарламамен жалғасады
17
АНА ТІЛІМ
(Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс үйірме жұмысының өткізілу
барысын әріптестеріме, әсіресе жас мамандарға ұсынамын)
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін
сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін,
көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-
мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра,
ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға
шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары
жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани
даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары,
Microsoft Pover
Point программасында безендірілген презентация.
Абайдың әні « Сегіз аяқ» 2 оқушы домбырада орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: