— 193 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
«Енді бәрі кеш – бұл көптеген адамдардың табысқа жету
жолындағы ең үлкен тұзақ.
«Кеш» деген сөз кез келген өзгерістен қорқудан
туындаған психикалық блок. Қазақта «ауру қалса да,
әдет қалмайды» деген сөз бар. Біз сол соңымыздан
қалмаған әдеттерден арылуға қорқады екенбіз.
Қалыптасқан өмір салты көбінесе адамдарға батыл
қадам жасауға және өмірлерін өзгертуге кедергі
жасайды. Негізі адамдардың көбісі жалақыларына
қанағаттанбайды; біреулер бірқалыпты өмірден
шаршайды; енді бірі жағымсыз бастыққа төтеп беруге
мәжбүр болады және тағы сол сияқты айта берсек
жағымсыз жайттар жетіп жатыр. Осындай өмірден
құтылу ешқашан кеш емес.
Жеке кәсіпті бастау үшін бірден ірі бизнеске қадам
басудың қажеті жоқ. Шағын бизнесте қолыңызды
сынап көруге болады. Сізге не жақын екенін түсіну
үшін бизнесті дамытудың сәтті тәжірибесін зерттеп
көру керек.
Кейде барлығымыз өмірде бірдеңені өзгертуге
кеш болып кеткендей сезінеміз. Сонымен, «менің
арман-тілегімді орындайтын пойыз жүріп кеткен
тәрізді» деп күдерімізді үзе бастаймыз. Шын
мәнісінде, мүлде олай емес. Үмітсіз тек шайтан ғана.
Ешқашан кәсіп ашып, сүйікті ісімізбен шұғылдану
кеш еместігіне мына төмендегі тұлғалардың өмірлік
жолы айқын дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: