A
pp
)
штатындағы Дес Плэйнзде McDonald’s мейрамхана-
сын ашып, бүкіл елде мейрамханалар ашу үшін фран-
чайзингтерді белсенді түрде сата бастады. 1961 жылы
Рэй Крок ағайынды Макдоналдтардан барлық акция-
ны сатып алады. Рэй Крок жасаған саясатының арқа-
сында McDonald бренді танымал болды. Крок негізін
қалаған McDonald’s бренді әлемнің ТОП-10 бренд-
терінің қатарына кірді.
Мэри Кэй Эш
Баршаңыздың «Mary Kay» косметикалық
компаниясы туралы естігендеріңізге сенімдімін,
өйткені ол әлемдегі ең танымал және кең таралған
компаниялардың бірі. Мэри Кэй Эш (Mary Kay
Ash) – американдық кәсіпкер және Mary Kay
Cosmetics, Inc компаниясының негізін салушы,
бизнес философиясын жасаушы. 2000 жылы Lifetime
Television Online ұйымы Мэри Кэй Эшті «ХХ ғасырдағы
ең көрнекті іскер әйел» деп атады. Мэридің өмірі
оңай болған жоқ. Бар болғаны 17 жасында тұрмысқа
шығып, үш баланың анасы атанады. Көп ұзамай
Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі майданға
аттанады. Сүйікті әйел, аяулы жар жұбайын майданнан
күтеді. Бірақ өмір тосынсыйларға толы, күйеуі
соғыстан келген соң ажырасқысы келетінін айтады.
Мэри балаларын асырау үшін жұмысқа тұруға мәжбүр
болады. Мэри Кэй 25 жыл бойы сатушы агент болып
жұмыс істеді, бірақ қызметінде көтіріле алмаған соң ол
жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды. Өз өмірін
өзгертпекші болған 45 жастағы Мэриді көбісі ақымақ
істер жасап жатыр деп ойлады. Бірақ өмір батыл
адамдарды жақсы көреді. Ол әйелдер мен бизнес
— 197 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
туралы кітап жазуға шешім қабылдайды. Осылайша,
кітап болашақ компанияның негізін қалайтын нақты
бизнес-жоспарға айналады. 1963 жылы Мэри Кэй Эш
екінші күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics фирмасын
құрды. Бастапқы капитал бар болғаны 5000 доллар
болады, бірақ нәтижесі барлығы күткеннен де асып
түседі. Бүгінгі таңда Mary Kay Cosmetics өнімдері 40-
тан астам елде сатылады және жылдық сатылымы 3
миллиард долларға жуық.
Орта жасқа жеткен және «енді бәрі кеш»
аралағында қалып кетпеген, көптеген басқа да бай
және әйгілі адамдардың қатарына Джоан Роулинг,
Генри Форд, Лас-Вегастағы Сэндстің негізін қалаушы
Шелдон Адельсон, Кристиан Диор сияқты тұлғаларды
қоссақ болады.
30-дан 40 жасқа дейінгі адамдарды не біріктіреді?
Барлығы дерлік біреуге жұмыс істеуден шаршаған,
дәстүрлі жүйеден көңілі қалғандар. Алайда, көпшілі-
гі жұмыстан кетіп, әдеттегі өмір салтын өзгерткісі
келмейтіні анық. Егер сіз 40 жасыңызға дейін өз
кәсібіңізді ашпасаңыз, өзіңізді «жолы болмағандар»
қатарына қосуға асықпаңыз. Статистикаға сүйенсек
миллионерлердің 60%-ы өз бизнесін 40-50 жасында
ашқандар екен. Неге олай екені сөзсіз түсінікті:
өмірлік тәжірибе мен осы уақытқа дейін пайда болған
жігерлілік күші.
«Зейнетке шыққан кезде кәсіпкер болу туралы
ойдан мүлде бас тарту керек», - деуіңіз мүмкін.
Олай деуге әлі асықпаңыз. Ия, 50 жастан 60 жасқа
дейінгі көптеген адамдар өздерін бизнесмен ретінде
көре алмауы мүмкін. Бірақ әрбір істің жақсы жағын
көре білу керек. Зейнеткерлік сіз үшін – бұрын
|