— 77 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
y
өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді;
y
көкөніс жылдам өніп, сырты далада өскен
көкөніске қарағанда көз тартарлықтай
жылтыр болады;
y
сонымен бірге, ылғал мен жылу бүкіл аумаққа
бірдей таралады.
Бұл шаруашылықтың да
өзіне тән қиындығы
бар. Сапалы өнім алу үшін шаруаға біраз тер
төгуге тура келеді. Жылыжайды жылу жүйесімен,
сумен, жарықпен қамтамасыз ету үшін аз шығын
шықпайтыны анық.
Қазақстанда қарапайым жылыжайларды
ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ.
Жылыжайды тұрғын үй,
бизнес орталық немесе
басқа да нысанның төбесінде ашуға болады. Оның
артықшылығы жерді үнемдейсіз. Қала ішінде
болғандықтан тасымалдауға көп уақыт пен шығын
кетпейді.
Жылыжайдың шығыны оның көлеміне
байланысты өзгереді. 1 миллион теңгеге 10-15
адамды қамтамасыз ететін
бір ғана жылыжай салуға
болады. Сонымен қоса өсірілетін көкөніс түріне де
байланысты. Осындай жылыжайларды гипермаркет
пен ірі супермаркет шатырына салған тиімді болады.
Дайын болған көкөністерді тасымалдауға қаражат
жұмсамай, бірден сатылымға түсіруге болады.