— 75 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Корн-дог
Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің
ашылуына мысал бола алады. Осы ретте қызықты
ақпарат болсын. Сэндвич деген — адам есімі.
Өте бай
граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген.
Ойын барысында тамақтануға уакыт кетірмей, етті
екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген.
Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына
үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте
көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек
жалғап алып тұрып,
тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст-
фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы
кәсіпке айнала алады.
Бұл бизнес түрін:
•
оқу орнына жақын орналасқан аймақта
•
бизнес орталықтарда ашуға өте қолайлы.
Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы —
тұтынуға ыңғайлы.
Корн-дог мөлшері шағын болса,
бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол
оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен
оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады.