— 89 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Парақша жұмысын дұрыс бастау
үшін ең алдымен басты фотоға назар аударған
жөн. Бизнес профиль болғандықтан, өзіңіздің
компанияңыздың логотипін ойлап тауып, жүктеп
қойсаңыз оқырмандарға да бірден түсінікті болып,
бренд қалыптастыруға әсер етеді. Көп бизнес
парақшалардың қарқынды жұмыс істеуі дәл осы
бизнес-профильге фото жүктеу мен профиль
сипаттамасын дұрыс толтырудан басталады.
Контент-жоспар
Өзіңіздің бизнес парақшаңызды ашқан
болсаңыз,
«Неден бастаймын?», «Бүгін не
туралы жазамын?», «Тауарымды қалай сата
аламын?»
деген сауалдар туындауы әбден мүмкін.
Ал ол сұрақтардың жауабын табамын дегенше,
біраз уақытыңызды жоғалтып, нәтижесінде сапасыз
инстаграм парақша шығады. Сол себепті алдын
ала жоспар құрып алғаныңыз жөн. Яғни «контент»
дегеніміз – парақшаны жоспарлы түрде ақпаратпен
толтыру. Сіздің парақшаңыздағы әдемі фотосурет,
қызықтыратын видео мен әсерлі мәтін де контент
болып табылады. Контент-жоспар жасау барысында
жариялау уақыты, апта күні, уақыты, жазбаның
тақырыбы, қызықты айдарлар ойластырып,
жоспарды кесте түрінде 1 айға құрғаныңыз жөн.
Контент-жоспар құру барысында:
Достарыңызбен бөлісу: