— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін


— 85 — dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы



Pdf көрінісі
бет49/114
Дата08.12.2023
өлшемі4,12 Mb.
#195608
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 85 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық 
сауаттылығын арттыру – мен үшін басты талап. 
Жеке парақшамда өзіндік брендімді қалыптастыру, 
баспанаға бақытпен қатар, қосымша пайдалы 
жобалар ұсыну, қоғамдағы болып жатқан жайттарға 
өзімнің жеке пікірімді білдіру, оқырмандарымның 
арқасында бірнеше ауқымды қайырымды іспен 
айналысу – әрекет етіп, өз ортамызды өзіміз 
жақсартуға бағытталған игі істердің бірқатары. Ал 
мені сіздермен жақынырақ таныстырған дәл осы 
«Instagram» әлеуметтік желісі. Жаңа мүмкіндіктерді 
жаңа бастамаларға тиімді пайдалануға әбден болады. 
Тек сіздің тараптан ынта мен қажырлы еңбек керек. 
Таныстарымның бірқатары үйде отырып сөмке тігіп, 
әшекей бұйым жасап, түрлі дизайнерлік киімдерді 
сатумен айналысып жатса, енді бірі бет әрлеуші 
болып, SMM курстарын жүргізіп, қызметін ұсынып, өз 
кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал сол бизнестің алға басуына 
дәл осы инстаграмның ықпалы көп. Мен солардың бір 
қатарымен осы бөлімде бөлісетін боламын. 
Ең бастысы – өзіңіздің бизнесіңізге сай «бизнес 
парақша» ашып, оны сауатты жүргізу керек. Егер 
сіз бизнесіңізді алға жылжытып, табысқа кенелгіңіз 
келсе, онда контенттің сапасына ден қойғаныңыз 
абзал. Себебі парақшаның қызықты, керек ақпаратқа 
толы, мәтіндері әсерлі болуы оқырмандар санын 
көбейте түседі. Сәйкесінше, сіздің тауарыңызға деген 
сұраныс та артады. Ал көркемдік жағына келетін 
болсақ, видеолар қызықты, фотолар қанық және 
тартымды болғаны дұрыс. Ескеретін жайттардың 
бірі – оқырмандарды қолдан көбейтіп әуре болмаңыз. 
Себебі белсенділік азайып, кері байланыс болмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет