89
ды:
микрофагтар
–
нейтрофилдер мен
макрофагтар –
моноциттер
.
Сонымен қатар қоздырушыларды «танитын» және «есте сақтайтын»
едәуір күрделі иммунитетті Т-лимфоциттер жүзеге асырады. Олардың
жұмысынан кейін В-лимфоциттер жұмыс істейді – арнайы нәруыздарды –
анти денелерді жасайды. Бұл –
жасушалықиммунитет
. Әрбір антидене
белгілі бір қоздырушыға – антигенге қарсы арнайы жасалады. Яғни бұл
нақты бір «жауға» қарсы «жеке қару». Қоздырушылармен неғұрлым жиі
кездессе, оны жоятын антиденелер соғұрлым тезірек жасалады.
Бірақ иммунитет тек жасушалық қана емес, ұлпалық та болады. Со-
нымен қатар табиғи және жасанды иммунитетті ажыратады. Әрбір имму-
нитет түрлері тағы да екі санатқа бөлінеді (4-сызба).
иммунитеттің түрлері
табиғи
иммунитет
жасанды иммунитет
туа пайда
жүре пайда
белсенді
әлсіз
болған
болған
иммунитет
иммунитет
(екпе арқылы)
(емдік сарысудан)
4 - с ы з б а
Табиғи иммунитет
туабіткен
және
жүрепайда
болған деп бөлінеді
.
Туа біткен иммунитет барлық адамда бірдей болады. Бұл – адам ауыр-
майтын аурулар иммунитеті. Мысалы, адам ауырмайтын, тек жануарлар
ауыратын ит обасы, мысық сүзегі және т.б. аурулар. Мұндай иммунитетті
генетикалық деп те атайды. Бұл жағдайда жаңа туған нәресте қанының
құрамында қажет антиденелер болады, себебі «Адам» түрінің генінде бұл
нәруыздар болады.
Табиғи пайда болған иммунитет
бір
аурумен ауырған соң
қалыптасады. Тұрақты пайда болған иммунитет шешек, қызамық, па-
ротит, қызылша, гепатит және т.б. қалыптасады.
Егер адам осындай
аурумен ауырса, ол қайтадан сол аурумен ауырмайды. Оның қанында
қоздырушыларға қарсы антидене синтезделіп қана қоймайды, «иммундық
есте сақтау жасушалары – В-лимфоциттер» де сақталады.
Олар ағзада
қоздырушылармен кездескенде тез арада антидене жасауға және басқа
ұқсас жасушаларды өндіруге кіріседі. Бірақ кейбір жұқпалы ауруларға,
мысалы, тұмауға табиғи жүре пайда болған иммунитет аз уақытқа пайда
болады, ал баспаға (ангина) қарсы иммунитет мүлде дамымайды.