Тексерген: ф.ғ. д Сағындықұлы Б. Тақырыбы: Етістіктің есімше және көсемше категориялары



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#195710
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ 4 Нұрғали М

 
2.2
 
Етісітіктердің есімше категориясы 
Көне түркі тілдерінде есімшелердің саны өте көп. Бір қызметте кейде 
бірнеше тұлғалар қолданылып жатады. Бұған қарағанда, тілдің даму 
барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар 
арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына 
шоғырлануы себеп болса керек.
Көне түркі тілдерінде кездесетін есімше форманттарының кейбір 
ерекшеліктері:
1.
-мыш Орхон Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ кейінгі орта ғасыр 
жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш 
(қалған), тегміш (түйіскен). Қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің 
қызметін атқарған. Сондай-ақ, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. 
Бұл мәнде ол қазіргі тілде -у-ға сәйкес келеді: бітміш (жазу, жазба), 
берміш (беру, бересі). -мыш форманты ашық райлы етістік қызметінде 
де қолданылып, сөйлемнің баяндауышы болған: йок ерміш (жоқ еді). 
Сонымен бірге тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік 
жалғауын қабылдаған: адырылмышда (айырылысқанда), бітмішін 
(бітісімен). Шылаулармен де бір тіркесте қолданылған: будун болмыш 
үчун (халық болғаны үшін). -Мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер 
құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс 
тәрізді сөздер құрамындағы осы тұлға. -Мыш тұлғасы өзінің бұрынғы 
мағынасында қазіргі оңтүстік-юатыс тілдерінде ғана сақталған. 
2.
Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәніндегі -ған тұлғасы Орхон-
Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ ХІ ғасырдағы Қашқари 
сөздігінен бастап аса жиі қолданыла бастаған формант. М.Қашқари бұл 
тұлғаны өткен шақ мәнін беретін форманттың бірі санаған. 
Этимологиялық жағынан құранды болып келетін бұл форманттың 


алғаш бөлігі -ға – қимыл есім тұлғасы да, соңғы -н ежелгі дәуірде өткен 
шақты білдірген қосымша.
3.
-Р есімше тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде, солардың бірі қазақ тілінде 
келер шақ мәнін беретін арнулы грамматикалық тәсіл. Келер шақ 
көрсеткіші есебінде бұл тұлға V-VIII ғасыр ескерткіштерінде 
қолданылды: өзінің тура мәнінде: көрүр көзүм, білір білігім йүкүнүр 
күн; осы шақ мәнінде: берүр, барыр; келер шақ мәнінде: йылан йыл 
онунч айқа Иноз Иненчу Бес балыққа бармен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет