әдебиетпен жұмыс істей білу. “Радиофизика және электроника негіздері” пәні
радиотехникалық саладағы физикалық мамандықтар үшін негізгі пән болып
саналады. Радиоэлектроника негіздерін тереңдете оқу ғылым мен техниканың
әртүрлі саласындағы кәсіби мамандарды даярлау, болашақ ұстазды мектеп
бағдарламасының сәйкес бөлімдерін өтуді үйретуге және оқушылармен
сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін аса маңызды.
Пәннің
объектісі
ретінде заманауи электроникада қолданылатын
радиоэлектронды құрылғылар мен аспаптар қарастырылады.
Пәнді оқыту кезінде радиотехникалық және электронды құрылғылар мен
аспаптардың теориялық және тәжірибелік
әдістері
қолданылатын болады.
Пәннің негізгі міндеттері:
- студенттерді радиоэлектрониканың қазіргі заманғы теориялық және
тәжірибелік нәтижелерімен, сондай-ақ бұл сала бойынша тұрған мәселелермен
таныстыру;
- студенттерге электроникада әр түрлі кезеңдерінде өтетін физикалық
процестер туралы және оларды басқару туралы терең түсінік беру;
- зерттеудің негізгі әдістері туралы түсінік беру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сигналдар және олардың классификациясы
Сигналдардың классификациясы мен параметрлері. Сиганалдарды
топтастыру. Детерминді және кездейсоқ тербелістер. Тербелістерді комплекстік
әдіспен бейнелеу. Сигналдардың спектрі. Фурье және Лаплас түрлендіру
өрнектері. Үздікті және үздіксіз спектр. Сигналдарды үздікті түріне айналдыру.
Котельников теоремасы. Сандық сигнал.
Достарыңызбен бөлісу: