НЕГІЗГІ БӨЛІМ Жылулық сәулелену Жылулық сәулелену және люминесценция түрлері. Тепе-теңдікті және
тепе-теңдіксіз сәулелену. Кирхгоф заңы: жиілік (толқын ұзындық) пен
температураның әмбебап функциясы. Энергетикалық жарқырау. Дененің сәуле
шығару қабілеттілігі. Дененің сәуле жұтқыш қабілеттілігі. Абсолют қара
дененің моделі. Стефан-Больцман заңы. Стефан-Больцман тұрақтысы. Виннің
ығысу заңы. Вин тұрақтысы. Рэлей-Джинс формуласы. Сәуленің тепе-теңдік
тығыздығы. Ультракүлгіндік апат. Планк формуласы. Әсер кванты. Планк
тұрақтысының мағынасы.
Фотондар Тежеулік рентген сәулесі. Тежеулік рентген сәулесінің қысқа толқынды
шекарасы. Сипаттамалық рентген сәулесі. Заттағы электромагниттік сәуленің
жұтылуы. Фотоэффект. Столетов А.Г. тәжірибесі. Вольтамперлік сипаттама.
Столетов А.Г. заңдары. Тежеуші потенциал. Фотоэффектінің қызыл шекарасы.
Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы. Фотоэффекті түрлері: сыртқы, ішкі,
вентильді. Боте тәжірибесі. Фотондар. Фотонның энергиясы, импульсі және
массасы. Жарықтың еркін электрондардан шашырауы. Комптон эффектісі.
Комптондық толқын ұзындық.
Атомдық спектрлердегі заңдылықтар Сәулелену спектрі. Спектрлердің түрлері. Шығарылу және жұтылу
спектрлерінің пайда болу шарттары. Сызықтық спектр. Оптикалық диапазон.
Оптикалық электрон. Атомдағы электронның қоздыру, иондау және байланыс
энергиясы. Бальмер формуласы. Бальмер сериясы. Ридберг формуласы. Ридберг
тұрақтысының физикалық мағынасы. Сәйкестік принципі. Лайман, Пашен және
тағы басқа сериялар. Бальмердің жалпылама формуласы немесе сутегі
атомының спектрлерінің барлық сызықтарының жиілігі. Спектрлік терм.
Ритцтің комбинациялық принципі.
Атомның ядролық моделі Томсонның атом моделі. Томсон бойынша атом өлшемін бағалайтын
өрнектің қорытындысы. α-бөлшектердің шашырауымен жасалатын Резерфорд
тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Көздеу параметрін есептеу,
Резерфорд формуласы. α-бөлшектердің шашырауының сандық теориясы және
шашыраған бөлшектердің θ бұрышының мәні бойынша орналасу
формуласының қорытылуы. Ядролық модельдің классикалық механика мен
электродинамика заңдарына қайшы келуі.