AF 3216 АТОМДЫҚ ФИЗИКА
Көлемі - 3 кредит
Авторлар:
Жұманов К.Б. – физика-математика
ғылымдарының кандидаты, плазма
физикасы және компьютерлік физика
кафедрасының профессоры
Шынықұлова Г.Н. - плазма физикасы және компьютерлік физика
кафедрасының аға
оқытушысы
Пікір жазғандар:
Кәрыбаева Г.А. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Алматы
Технологиялық университетінің доцентінің міндетін атқарушы
Әбілдаев Ә.Х. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Атомдық физика пәні – электромагниттік сәулелену, жылулық сәулелену,
фотоэффект, Комптон эффектісі, Кирхгоф заңы сияқты заңдарды, атомдардың
құрылысы, атомдар мен молекулалардың физикасын, атомдық спектрдегі
сериялық
заңдылықтарды, электрондардың энергетикалық деңгейлерге
орналасуын, периодтық кестедегі элементтердің орнын, Зееман эффектісі
сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.
Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесінде атомдар мен молекулалардың
құрылымы жайындағы мәлiметтер анықталған. Осындай зерттеулерден заттың
құрамын
дәл
анықтауға
мүмкіндік
туындады.
Ядролық
физика
мамандықтарының студенттері
бұл пәнді игеру барысында, атом мен
молекулалардың құрылысын ғана біліп қоймайды, сонымен қатар,
олардың
қандай спектр шығаратындығын, жалпы спектр түрлерін, заттың құрамын
қалай анықтауға болатынын, Резерфордтың
атом моделінің классикалық
физикаға неге қайшы келетінін, микробөлшектердің орнын анықтауда
Шредингер теңдеуін қолдануға болатынын,
микробөлшектердің ішкі
қасиеттерін, иондау және қоздыру энергияларын табуға болатынын
қарастырады.
Жоғарыда аталған «атомдық физика» пәні студенттерге кванттық физика,
ядролық физика сияқты пәндерді оқығанда көптеп көмегін тигізері анық.
«Атомдық физика» курсының мақсаты – атомдардың электрондық
қабықшаларының құрылысы, қасиеттері және оларда өтетін үрдістермен
анықталатын кванттық – механикалық заңдылықтардың түйінін беру.