Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет135/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәннің мақсаты – 
студенттерді ядролық жүйелер туралы негізгі 
мәліметтермен 
– 
субатомды 
микродүниеде 
байқалатын 
физикалық 
құбылыстармен, және де оларды теориялық түрде түсіндіру мен эксперименттік 
түрде бақылау әдістерімен таныстыру. 
Пәнді оқытудың міндеттері: 
-
атом ядросы физикасындағы қазіргі таңда белгілі заңдарды, 
заңдылықтарды, жүйеліліктерді, эффектілер мен құбылыстарды оқыту; 


-
ядролық константаларды есептеудің негізгі тәсілдерін меңгерту, атом 
ядросы физикасындағы заңдылықтарды сипаттайтын негізгі формулаларды 
қорытып шығаруды үйрету; 
-
есептерді шығару әдістерін оқыту; 

зертханалық жұмыстарды орындау, физикалық практикум мен ғылыми 
зерттеулер әдістерін меңгерту.
 
Пәннің объектілері:
атомдық ядролар және олардың сипаттамалары. 
Пәннің әдістері:
атом ядросының құрылымын анықтайтын модельдерді 
сипаттау және де атомдық ядролардың байланыс энергиясын анықтау
элементар 
бөлшектердің 
қасиеттері 
мен 
элементар 
бөлшектер 
классификациясының қағидаларын зерттеудің теориялық әдістері, іргелі 
әсерлесулерді және олардың материалды дүниені қалыптастырудағы орнын 
зерттеу. 
Пән ғылымының басқа ғылымдар арасындағы мәні және алатын 
орны: 
атом ядросының физикасы микродүние туралы ғылым ретінде 
материяның құрылымы мен Бүкіләлемнің көрінетін бөлігі түзілуінің алғашқы 
қағидалары туралы ғылыми білімнің шебінде тұр 
Пән ғылымының қысқаша тарихы очеркі.
Ядро құрылымын зерттеудің негізін қалаған Э.Резерфорд. Ол 1913 ж. 
альфа-бөлшектер гелий атомдарының ядросы болып табылатындығын 
анықтаған. 1919 ж. Резерфорд, азот атомы ядросының ыдырауын ашып
ыдыраудың нәтижесінде одан ұшып шыққан оң зарядталған бөлшек массасы, 
сутегінің жеңіл изотопының массасына тең болатындығын анықтаған. 
Осылайша, ядролардың құрамында протондардың бар екендігі дәлелденген. 
1932 ж. Чедвик массасы протонның массасына жуық, бірақ заряды жоқ 
жаңа бөлшек ашқан. Ол бөлшек нейтрон деп аталған. 1950 ж. нейтронның 
ыдырауы табылған. Нейтрон ашылғаннан кейін Д.Д. Иваненко және оған 
тәуелсіз В. Гейзенберг атомдар ядроларының протон-нейтрондық моделін 
ұсынған. 
Элементар бөлшектердің қасиеттерін зерттеу аясының ұлғаюы, 1930 
жылдан бастап салына бастаған үдеткіштер жұмысымен тікелей байланысты 
болып табылады. Ең үлкен коллайдер (бөлшектердің айналыстағы екі шоғыры, 
бөлшектердің жоғары тығыздығы қамтамасыз етілетін, бірнеше қиылысатын 
аймақтарда соқтығысатын үдеткіш түрі) 2008 ж. ЦЕРНде (Швейцария) 
салынған. Мұнда, әрқайсысының энергиялары 7 ТэВ болатын протон 
шоғырлары соқтығыса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет