мәселені (физикалық есепті) тұжырымдай алуы, аналитикалық түрде
және де компьютерлік технологияларды (заманауи ЭЕМ және сәйкес
бағдарламалық өнімдер) қолдану арқылы есептерді шешу әдістерін таңдай білуі
тиіс.
Пәннің объектілері:
өлшемдері шамамен 10
-9
см болатын микрожүйелер.
Пәннің
әдістері:
шектік
шарттар
орындалатын
жағдайларда
дифференциалдық теңдеулерді аналитикалық және сандық түрде шешу,
коммутаторлар
алгебрасы, ортогональды көпмүшеліктер әдісі, Фурье-
түрлендіру әдістері.
Пән ғылымының басқа ғылымдар арасындағы мәні және алатын
орны:
қазіргі таңда релятивистік емес кванттық
механика атом ядросы мен
ядролық реакциялардың заманауи теориясын қалыптастырудың, Күндегі,
жұлдыздардағы және зертханалық жағдайдағы термоядролық плазмада орын
алатын
процестерді сипаттаудың, Әлемдегі химиялық элементтердің
нуклеосинтезін және де басқа да көптеген іргелі және қолданбалы ғылым
салаларының іргесін қалап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: