KM 3219 КВАНТТЫҚ МЕХАНИКА
Көлемі – 3 кредит
Авторлар:
Имамбеков О. И. – физика –математика ғылымдарының кандидаты,
физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика
кафедрасының профессоры
Нурбакова Г. С. - физика –математика ғылымдарының кандидаты,
физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика
кафедрасының доценті
Пікір жазғандар:
Чечин Л. М. - физика –математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА
корреспондент мүшесі, профессор, «В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық
институт» ЕЖШС, келешекті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің
бөлім басшысы
Такибаев Н.Ж. - физика –математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА
академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-
техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының
профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Планктың кванттық гипотезасының пайда болған уақытынан бастап 100
жылдан астам уақыт өтті, сондықтан да кванттық физиканы физиканың
ультразаманауи бөлімдерінің қатарына жатқызуды доғару керек сияқты болып
көрінеді. Бірақ, дәл осы кванттық механика заңдарының негізінде техникада,
технологияларда және күнделікті өмірде қарқынды ілгерілеуге қол жеткен –
бұл ядролық энергетика, медициналық диагностика, асқынөткізгіштік,
лазерлер, компьютерлер, ұялы байланыс, интернет және т.б.
Кванттық механика, әлбетте бірінші кезекте – бұл логикалық ойлаудың
жаңа деңгейі. Оның қалыптасуы жолында Н. Бор, А. Эйнштейн, М. Планк, Э.
Шредингер, М. Борн, В. Паули, А. Зоммерфельд, Л. Де Бройль, Э. Ферми, В.
Гейзенберг, П. Дирак, Р. Фейнман және көптеген белгілі ғалымдардың үлес
қосқандығы кездейсоқ жағдай емес.
Кванттық механика курсының ұсынылып отырылған бағдарламасы
“
Әрбір жаңа
ұрпақ ақпаратты ұйымдастырудың жаңа әдісін ұсынады
” деген
концепцияның негізге ала отырып құрылған. Ол 5B060500 – Ядролық физика
мамандығы бойынша мамандарды дайындауға бағдарланған.
Пәнді
меңгеру
нәтижесінде
Достарыңызбен бөлісу: |