Пән ғылымының қысқаша тарихы очеркі. XX ғасырдың басында жарықтың заттармен әсерлесу процестеріне және
атомдарда орын алатын процестерге электромагниттік өрістің қарапайым
классикалық
теориясын
(классикалық
электродинамика)
қолдануға
болмайтындығын дәлелдейтін құбылыстардың екі (өзара байланыспаған болса
керек) тобы пайда болған. Құбылыстардың бірінші тобы тәжірибе жүзінде
анықталған жарықтың екіжақтылық қасиетімен (жарық дуализмі), ал екіншісі –
атомдардың орнықтылығын, сондай-ақ атомдардың сәуле шығаруын зерттеу
кезінде ашылған спектральдық заңдылықтарды классикалық көрініс негізінде
түсіндірудің мүмкін еместігімен байланысқан. Осы құбылыстар тобының
арасында байланыс орнату және де оларды жаңа теория негізінде түсіндіруге
деген талпыныс, ақыр аяғында, кванттық механика заңдарының ашылуына
алып келген.
Альберт Эйнштейн 1905 ж. фотоэффект теориясын орнатты. Бұл теория
Планктың идеясын жетілдіру мақсатында құрылған. Эйнштейн, жарық тек
шығарылып немесе жұтылып қана қоймай, сонымен қатар кванттар түрінде
таралады деген болжам жасады. Демек, дискреттілік жарықтың өзіне тән.
Бор 1913 ж. кванттар идеясын атомдардың планетарлық жүйесіне
қолданған. Бордың бұл идеясы ғылыми қарама-қайшылыққа алып келген. Бор
тұжырымы бойынша, электрондар орбитасының радиусы үнемі кеміп отырған.
Ақыр аяғында электрон ядроға «құлап түсуі» керек еді. Бор, электрон үнемі
жарық шығармайды, тек басқа орбитаға өткен кезде ғана шығарады деп шешті.
Американдық ғалым
Комптон 1922 ж. жарықтың шашырауы екі
бөлшектің соқтығысуының салдарынан пайда болатындығын дәлелдеді.
Комптон эффектісі де қарама-қайшылыққа алып келген. Ол жарықтың
корпускулалы-толқындық табиғаты туралы ұстанымға тоқтаған. Бұл
ұстанымның өзі де қарама-қайшы еді: бұл екі құбылыс еш араласа алмайтын.