Термодинамика өзінің зерттеу объектісін феноменологиялық жолмен,
яғни олардың макроскоптық қасиеттерін анықтаумен айналысса, статистикалық
физика зерттеу объектілерінің
ішкі микроскоптық құрылысын, оларды
құрайтын микробөлшектер қасиетінің микроскоптық табиғатын ашуға
бағытталған. Статистикалық физика макроденелердің барлық қасиеттері өзінің
құрамына енетін бөлшектердің ерекшеліктерімен,
олардың қозғалыс
түрлерімен байланыстыра отырып, жылу және табиғаттағы басқа
құбылыстардың ішкі құрылысы мен өзгерістерін жақсы түсіндіреді.
Осы заманғы статистикалық физиканың даму жолы да ұзаққа созылды.
Жылулық құбылыстарды зерттеу А. Лавуазье, М.В.
Ломоносов еңбектері мен
Пуассон, Фурьенің жылуөткізгіштік теориясынан басталады.
Өндірістерде жылу машиналарын пайдалану француз ғалымы С. Карно
еңбектерінен басталса, термодинамиканың 1-бастамасын ұсынуда Ю. Майер,
Дж. Джоуль, Г. Гельмгольц еңбектерін атап өткен жөн. Содан бастап 1-бастама
кеңітіліп, ол табиғаттың универсал заңы – энергияның сақталу принципі түріне
келтірілді. Карно идеясын талдай отырып, Р.Клаузиус 1855 жылы
термодинамиканың екінші бастамасын ашты.
Осы екі бастама негізінде
Клаузиус термодинамиканы энергияның қозғалыс және өзгерісін беретін ғылым
түріне келтіріп, одан әрі дамытты.
Клаузиус термодинамиканы өз дәрежесіне көтеріп,
энтропия, ішкі
энергия тәрізді жүйені бір мәнді және аддитивті түрде сипаттайтын ұғымдарды,
ал 1875-1878 жылдары Дж.Гиббс термодинамиканың жаңа бағыты болып
есептелетін термодинамикалық функцияларды енгізді. XIX ғасырдың екінші
жартысында термодинамикамен қатар статистикалық әдіс еркін дами бастады.
Оның негізін қалаушылар - Дж.Максвелл мен Л.Больцман термодинамикалық
шамаларға
статистикалық мән беріп, оның заңдылықтарын статистикалық
физика негізінде шығарып көрсетті. Ал Дж.Гиббс статистикалық әдісті жүйелі
және жалпылама түрге келтіріп, оны тепе-теңдік жүйелердің барлық түріне
қолдануға болатын теорияны құрды. XX ғасырдың 20-30 жылдары кванттық
статистикалық физика негіздері қалана бастады.
Макрожүйелердің қасиеттерін зерттеу үшін ықтималдық теория әдістерін
қолдануға жол ашылады деп есептеуге болады.
Статистикалық-ықтималдық
әдіс макроденелердің ішкі құрылысы туралы бір модельдік ұғымға сүйене
отырып, оның құрамындағы бөлшектердің өзара әсерлесуін не классикалық, не
кванттық жолмен сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: