EM 2208 ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ
Көлемі - 3 кредит
Авторлар:
Габдуллина Г.Л. – физико-математика ғылымдарының кандидаты, плазма
физикасы және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы
Габдуллина А.Т. – физико-математика ғылымдарының кандидаты,
плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының аға
оқытушысы
Төреханова Қ.М. – физико-математика ғылымдарының кандидаты,
плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының аға
оқытушысы
Рецензентер:
Воронков В.В. - физико-математика ғылымдарының кандидаты,
Қазақcтан-Британ техникалық университетінің доценті
Белисарова Ф.Б. - физика-математика ғылымдарының кандидаты,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық
физика кафедрасының профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Жалпы физика курсының «Электр және магнетизм» бөлімі зарядталған
бөлшектердің өзара әсерлесуіне себепші орта ретінде алынатын өріс
концепциясына негізделген. Бұл жерде өріс материяның ерекше түрі ретінде
қарастырылады.
«Электр және магнетизм» пәнінде электрлiк және магниттiк
құбылыстарды эксперименттiк заңдар негiзiнде жалпылай отырып, олардың
теориялық тұрғыдан тұжырымдалуы және практикада қолдануы қарастырылған.
Пәннің ерекшелігі, бұл жерде векторлық және тензорлық талдаудың күрделі
математикалық аппаратын қолдануды қажет етеді. Бірақ, негізгі назарды
классикалық электрдинамика мен қазіргі заманғы құрылғылар мен
қондырғыларда кездесетін (термоэлектрондық эмиссия, Холл эффектісі және
т.б.) әртүрлі электрмагниттік үрдістер мен құбылыстар туралы түсінікті
қалыптастыратын шешуші эксперименттер мен тәжірибелерге аудару қажет.
Негізгі құбылыстардың қарапайымдылығына қарамастан, электрмагниттік
құбылыстар физиканың көптеген саласын зерттеуде алатын орны өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: