Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет64/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
№ 
Тақырыптар атауы 

Бірінші ретті жәй дифференциалдық теңдеулер 

Коши есебi шешiмiнiң бар және жалғыз болатындығы туралы 
теоремалар 

Айнымалылары ажыратылатын тендеулер. Біртекті және оған 
келтірілетін дифференциалдық теңдеулер. Сызықты біртекті және 
біртекті емес теңдеулер. Бернулли теңдеуі 

Толық дифференциалды теңдеулер мен интегралдаушы көбейткіштер 

Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер 

Коэффициенттері тұрақты сызықтық біртекті дифференциалдық 
теңдеулер 

Коэффициенттері тұрақты сызықтық біртекті емес дифференциалдық 
теңдеулер 

Коэффициенттері 
айнымалылы 
сызықтық 
дифференциалдық 
теңдеулер 

Сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйесi 
10 
Бiртектi жүйе шешiмдерiнiң қасиеттерi. Базис, жалпы шешiм. Коши 
матрицасы 
11 
Негізгі интегралдық теңдеулер теориясына кіріспе
12 
Вольтерраның интегралдық теңдеулері. Бірінші және екінші текті 
теңдеулерді шешу жолдары 
13 
Фредгольмнің интегралдық теңдеулері 
14 
Фредгольм теоремалары 
15 
Симметриялық ядролы Фредгольмнің интегралдық теңдеулері 
ПӘННIҢ МАЗМҰНЫ
 
Кіріспе 


«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәні физика-математика 
ғылымындағы негізгі және күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады. Өйткені, 
жаратылыстанудың көптеген есептерінің математикалық моделі жай немесе 
дербес 
туындылы 
дифференциалдық 
теңдеулермен 
өрнектеледі. 
Дифференциалдық теңдеулер арқылы математиканың физика, механика және 
т.б. секілді арнайы пәндермен байланысы ашыла түседі, математика ішіндегі 
пән аралық байланыс жүзеге асады. Сондықтан, дифференциалдық және 
интегралдық теңдеулер пәнін оқыту студенттердің математикалық қабілеттерін 
дамытумен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады, олардың 
кәделі, кәсіби дайындығының деңгейін көтеруге болысады, ғылым жүйесіндегі 
математиканың орнын анықтауға болысады. 
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәнін оқытудың 
мақсаты: 
- студенттердi дифференциалдық және интегралдық теңдеулер негiзiмен, 
теориясымен таныстырып, оларды есептер шығаруға үйрету; 
- студенттердiң бiлiмдiлiгiн, бiлiктiлiгiн, машықтығын қалыптастыру және 
осы қабiлетiн жаратылыстың, техниканың әртүрлi есептерiн шығаруға 
пайдалана бiлуiн қамтамасыз ету. 
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәнін оқытудың 
міндеттері: 
-
дифференциалдық және интегралдық теңдеулер теорияларының негізінде 
студенттерге терең білім қалыптастыру; 
-
алған білімдерін жаратылыстанудың әртүрлі салаларында кездесетін 
дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерін шешуге қолдана білуге үйрету.
Мамандар дайындаудағы бұл пәннің алатын орны мен рөлі еліміздегі 
халық шаруашылығын ғылым мен техниканың өзекті мәселелерін шешуге 
қабылетті білікті мамандармен толықтыруды қамсыздандырумен тығыз 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет