Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет63/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Пікір жазғандар
Жиенәлиев М.Т.– физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ 
ҒК Математика және математикалық моделдеу институтының профессоры 
Тоқыбетов Ж.Ә.– физика-математика ғылымдарының кандитаты,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика 
факультеті іргелі математика кафедрасының профессоры 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәні ядролық физика 
мамандығы бойынша құрылған оқу жоспарының негiзгi сабақтарының бiрi. 
Бұл пән физика–техникалық, механика т.б. мамандықтарына керектi есептердi 
шығаруға жиi қолданылатын әмбебап құрал болып табылады. Сондықтан 
физиканың әртүрлi қолданбалы саласы бойынша мамандар дайындауда пәннiң 
алатын орны өте зор. Пән математикалық талдау, алгебра пәндерiне сүйене 
баяндалады.
Алғашында 
дифференциалдық 
теңдеулер 
теориясы 
қарапайым 
теңдеулердің шешімін табу әдістерімен айналысты. Содан кейін теңдеулер 
шешімінің бар болуы және жалғыздығы туралы, шешімнің сапалы қасиеттерін 
зерттеу секілді негізгі теориялық сұрақтарға көшті. Қазіргі уақытта зерттеулер 
бастапқы және шеттік есептердің жуық (асимптотикалық, сандық т.б.) шешімін 
табудың әдістерін жетілдіру, оңтайлы математикалық моделдер құру 
бағытында жүргізілуде. 
Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер пәнін оқытудың негізгі 
мақсаты:
Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер теориясының 
негізін, дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің түрлерін, типін 
ажырата білуге, оларды шешудің негізгі әдістерін үйрету.
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» курсы ядролық физика 
мамандығы бойынша студенттерді білімін әрі қарай жетілдіруге, әртүрлі 


есептерді шешуге қажетті Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер 
теориясының әдістерін игеруге баулиды. 
Бұл пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер: 
– 
оқытылатын пәннің негізгі бөлімдері бойынша білім алуға; 
– 
алған теориялық білімдерін, есепті шешудің негізгі әдістерін
практикалық нақты есептерді шешуге және зерттеуге қолдана алуға;
– 
жаратылыстанудың әртүрлі саласында кездесетін дифференциалдық 
теңдеулердiң нақты қолданбалы есептерiн шығаруға машықтануы 
тиіс.
Осы пәнді игеруге қажетті пәндер мен олардың тарауларының тізімі: 
Математикалық талдаудың тараулары: бір және бірнеше айнымалылы 
функциялар, туындылар, анықталған және анықталмаған интегралдар. 
Алгебра тараулары: сызықтық алгебра, квадраттық формалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет