«ҚАРМАҚШЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
«Бекітемін»
Колледж директоры:
__________Сайдулла Б.С.
«____»_________20____ж
Тіркеу №______
«____»___________20____жыл
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән атауы Қазақ әдебиеті
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Оқыту нысаны: күндізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны: 72
Әзірлеуші /-лер/ Джумагалиева А.А___________, Абдиева Н.Т.__________
/қолы/ /Т.А.Ә./
Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық – гуманитарлық пән бірлестігінде қаралды және ұсынылды.
Хаттама № ____ «____» ___________ 20_____ж
Бірлестік жетекшісі: ______________ Джумагалиева А.А
/қолы/ /Т.А.Ә./
Жұмыс оқу бағдаралмасы оқу-әдістемелік комиссия отырысында қаралды және мақұлданды
Хаттама №____ «____» ___________ 20____ж
Әдістмелік кеңес төрайымы:___________ Елдесбаева Р.С
/қолы/ /Т.А.Ә./
Жосалы
МАЗМҰНЫ
№
|
Атауы
|
Беті
|
1
|
Түсіндірме жазба
|
3
|
2
|
Пәннің тақырыптық жоспары
|
4
|
3
|
Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері
|
6
|
4
|
Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі
|
14
|
5
|
Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары
|
14
|
1.Түсіндірме жазба
Оқу бағдарламасы ҚР Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
«Тілдер туралы", "Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, Казахстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушыны қазақ халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану және құрметтеу жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған қазақ әдебиеті пәні оқу бағдарламасының негіздерін құрайды.
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының мақсаты: білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1. Білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
2. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі, тіл өнері арқылы бағалауды жетілдіру;
3. Қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтеуге баулу, бағалау;
4. Заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес жазба және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту және дүниетанымын жетілдіру.
Бағдарлама бәсекеге қабілетті, прагматикалық, жауапты, ізденімпаз тұлға қалыптастыруды көздейді. Білім алушыларды қазақ әдебиеті классиктерінің өмір жолы мен шығармашылықтары туралы негізгі мәліметтермен таныстырады. Бағдарламаға қазақ жазушыларының адамзат тарихымен тығыз байланысы көркем шығармаларын қарасытырылды. Көркем туынды эстетикалық талғамдарын байытады және әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландырады. Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтырады, жетілдіреді. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін жинақтайды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы білім беретін мектептерінде қолданылып жүрген жаңа бағдарламаны басшылыққа ала отырып, құрастырылды.
Қазақ әдебиеті пәні «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География», «Биология» пәндерімен байланыстыра отырып оқыту, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдени-эстетикалық деңгейін көтеруге ықпал жасайды.
Пән аралық байланыс арқылы оқушы өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді. Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеру үнемі ғылымдар жүйесінің бір –бірімен тығыз байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылады.
Әдебиет сұлулықты, талғампаздықты суреттейді. Сондықтан эстетика, өнермен (STEAM) байланысты болады. STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады: жеке түрлері ретінде – кескіндеме, архитектура, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн. Демек, STEAM-білім беру, мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Пән аралық байланыста STEAM өзіндік орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |