Пән атауы Қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт)


ІІ Бөлім. Қазақтың Қанышы



бет3/14
Дата06.06.2023
өлшемі64,6 Kb.
#178335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЖОБ әдебиет 2022
445566 (1), 6 сынып бжб, « аза стан тарихы» 6 сынып мод-я
ІІ Бөлім.
Қазақтың Қанышы

Тақырып 5. М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе.
М. Сәрсекенің өмірі және шығармашылығы. Жазушының қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, қазақ қауымына танылған қаламгерлік қыры. Ұлтымыздың кемеңгер перзенті К. Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға арналған шығармасы. «Қаныш Сәтбаев» ғұмырнамасы – деректі жанрдың айтулы шеберінің осы саладағы көп жылдық еңбегінің тың деректермен толықтырылған еңбегі. Бұған дейін кұпияда ұсталып, «ақтандақ» қалпында қалып келген мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді пайдаланып, ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін арқау етіп қиял – қоспасыз өрілген, һәм ғалым өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын саралап та, даралап та ұлықтаған ғұмырнама. Қаныш Сатбаевтың асыл болмысы толық қамтылған. Тақырып 6. М.Сәрсеке. «Қаныш Сәтбаев» І бөлім «Кенжетай»
Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау, автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.
Тақырып 7. М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІ бөлімі. «Үлкен Жезқазған».
Жезқазғанның сол кездегі сырт өмірі, Ұлытауға асығып жеткен жас ғалым Қаныш бейнесі ашылады. Бөлімнің тарихи және көркемдік маңызы.
Тақырып 8. Медеу Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІІ бөлімі. «Бәрі де майдан үшін».
Майданға көмек. Жезді марганецін өндіру. Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болуы. Ғылым жолында төгілген тер.



1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

1.Басты кейіпкердің ерекшелігін сипаттайтын мінез-құлықты анықтайды.
2.Шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратады, ойын сюжет желісін негізге алып дәлелдейді.
3. Қаныш Сәтбаев кездескен тарихи тұлғалар кестесін толтыра алады, аталған кейіпкерлердің Қанышпен байланысын айта алады.
4. Қаныш Сәтбаевтың романда көрінетін қырларын теріп жазып, сипаттай алады.
5. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

2.Шығармадағы образдар жүйесін салыстырып, кейіпкерлер бейнесін анықтау.
Шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратып, талдау.

1.М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміндегі кейіпкерлерге тән ортақ мінез-құлықтарды анықтайды, көркем шығармадан үзінді келтіре отырып салыстырады.
2. «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміндегі Қаныштың мінез-құлық ерекшелігін анықтайды, көркем шығармадан үзәнді келтіреді, қосымша ақпараттар көздерін пайдалана алады.
3. «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміне композициялық талдау жасайды.
4. Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды.
5. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды.

3.М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің І бөлімі. «Кенжетай», ІІ бөлім «Үлкен Жезқазған», ІІІ бөлім «Бәрі де майдан үшін» бөлімдерінің тарихи және көркемдік маңызын анықтау.

1.Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, тарихи маңыздылығын талдайды,
көркемдік ерекшелігін анықтайды,
І, ІІ, ІІІ бөлімдерді өз ойымен байланыстырады, өзіндік түйін түйеді.
2. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.
3. Ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет