Пән атауы Қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт)


Пәннің тақырыптық жоспары



бет2/14
Дата06.06.2023
өлшемі64,6 Kb.
#178335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЖОБ әдебиет 2022
445566 (1), 6 сынып бжб, « аза стан тарихы» 6 сынып мод-я
2.Пәннің тақырыптық жоспары





Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

Теориялық

практикалық

I бөлім. Қалың елім, қазағым

*

*

*

1

Тақырып 1.
Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі










2

Тақырып 2.
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері.










3

Тақырып 3.
А.Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі, отыз екінші қарасөзі










4

Тақырып 4.
«Масғұт» поэмасы










II бөлім. Қазақтың Қанышы

*

*

*

1

Тақырып 5.
М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе










2

Тақырып 6.

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» І бөлім «Кенжетай»











3

Тақырып 7.
М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІ бөлім «Үлкен Жезқазған»










4

Тақырып 8.

М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІІ бөлім «Бәрі де майдан үшін»











III бөлім. Парасат пайымы

*

*

*

1

Тақырып 9.
А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі










2

Тақырып 10.
Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме










3

Тақырып 11.
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі










IV бөлім. Тарих тағылымы

*

*

*

1

Тақырып 12.
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы










2

Тақырып 13.
Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы










V бөлім. Кеңістік пен уақыт

*

*

*

1

Тақырып 14.
О.Бөкей «Атау кере» повесі










2

Тақырып 15.
Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі










VI бөлім. Зобалаң заман шындығы

*

*

*




Тақырып 16.
Б.Мұқай «Өмірзая» романы










2

Тақырып 17.
Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі










VII бөлім. Ғасырлық туынды

*

*

*

1

Тақырып 18.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том










2

Тақырып 19.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том










VIII бөлім. Табиғат және адам

*

*

*

1

Тақырып 20.
Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы










2

Тақырып 21.
С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы













Пән бойынша барлығы

60








3.Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері



Бөлім атауы

Бөлім мазмұны

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

І Бөлім. Қалың елім, қазағым

Тақырып 1. Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі
Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой-толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары қарастырылады.
Тақырып 2. Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі; заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы; мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы; Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы; Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы.
«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты туған өлең.
Тақырып 3. А.Құнанбаевтың «Он жетінші қарасөзі», «Отыз екінші қарасөзі».
«Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары; ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.
А.Құнанбаев «Отыз екінші» қарасөзі
«Отыз бірінші қарасөздің» жалғасы іспеттес. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізуі. Сондай-ақ адал еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеру керектігін, ғылыммен ақылды сақтайтын сауат мінез екенін баса көрсетуі. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес екендігін жеткізу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен байланыстыра жеткізу.
Тақырып 4. «Масғұт» поэмасы
Тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні.



1. Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.

1. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын сипаттайды.
2.Әдеби шығармаға жанрлық талдау жасайды.
3. Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын көркем шығармамен байланыстырады.
4. Өлеңде көтерілген мәселерді анықтайды, тақырыбы мен идеясын саралайды.
4. Шығармадағы көркемдеуіш құралдардың орны мен қызметін таниды.
5. Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.
6.Абайдың «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, «Он жетінші қарасөз», «Отыз екінші қарасөз», «Масғұт» поэмасындағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады

2.Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау.



1. Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі екенін саралайды, әдеби эссе, сыни мақала жазады.
2.Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды, оларға сипаттама беріп,қарасөздерінен өзіндік түйін жасайды.
3. А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге салыстырмалы талдау жасайды, Масғұт бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіреді.
4. Масғұт образы арқылы дәріптелген құндылықтың қазіргі қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді.
5. Көңіл күйі сипатталған жолдарды анықтап, талдау жасайды және өзіндік тұжырым жасайды.

3.Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын бағалау.

1.Шығарманың өлеңдері, қарасөздері, поэмаларының тарихи және көркемдік құндылығын анықтай отырып, өзіндік баға береді.
2.Көркем шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, жаңашылдығына баға беріп, әдеби эссе жазады.
3. Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды
4. «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абай шығармасында» тақырыбында ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет