ҮІ Бөлім.
Зобалаң заман шындығы
|
Тақырып 17. Б.Мұқай «Өмірзая» романы
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» роман - халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы. Роман ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні, намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы.
Халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, сал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді
|
Достарыңызбен бөлісу: |