Пән атауы Қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт)


ІІІ Бөлім. Парасат пайымы



бет4/14
Дата06.06.2023
өлшемі64,6 Kb.
#178335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЖОБ әдебиет 2022
445566 (1), 6 сынып бжб, « аза стан тарихы» 6 сынып мод-я
ІІІ Бөлім.
Парасат пайымы



Тақырып 9. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі
Әңгіме өрісі кең, кей тұста этног­ра­фия­­лық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жү­­­гінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әу­лие­лік­­ке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш ете­ді. Ел мен жердің аңысын аң­ды­ғандай географиялық жайға да оқырманын қанық­ты­рады.  Әңгімеде жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағ­ды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. Құлдық қамыт еркіндікте емес, құлдық-санада деген түйін жасайды. Жазушы шебер шендестірген – еркіндік пен құлдық, сұлулық пен жабайы­лық ұғымдары көркем туындыда салғастырыла көрсетіледі.
Тақырып 10. Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме.
Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтің кезекті әңгімесі -"Көшпелі алтын". Ол оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуде кейіпкерлері Қажытай мен Сәмен арқылы береді. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі арқылы адам қиялын тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Тақырып 11. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
Оразақын Асқар өмірі және шығармашылығы. Шетте жүрген қандастарымызды атажұртқа шақыру, «Өзге елде сұлтан болғанша...» деген қағиданы ұстанады. Қазақ елін көркейту, гүлдендіру туралы айтылады.



1.Көркем шығарманың мазмұнын мен пішінін, әдеби шығарманың тұжырымдамасын түсіндіріп,тәжірибеде қолдану.

1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.
2.Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды.
3. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі, Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме, Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» шығармаларының мазмұны мен пішінімен жұмыс жасайды.
4. Әдеби шығарма құрылысына талдау жасау арқылы көркем шығарма бөліктерімен танысады.

2.Көркем шығарма үзінділерімен жұмыс: кейіпкерлеріне талдау, саралау жұмыстарын жасау.

1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды.
2.Көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.
3. Көркем шығармадағы образдар жүйесіне қарай талдайды
4. Шығарма сюжеттері мен кейіпкерлер іс-әрекетін салыстырады, жобалар ұсынады.
5. Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

3.Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын анықтау, бағалау.



1.Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді.
2. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.
3. Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.
4. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет