Бұл бағдарламада ерекше назар студенттердің ықтималдықтар
теориясының негізгі іргелі ұғымдарын жақсы меңгеруіне және де
математикалық статистиканың есептерін қою мен негізгі әдістерін игеруіне
аударылады.
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың ұсынылып
отырған бағдарламасын табысты меңгерген студент:
-
ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика салалары
бойынша бар мектептер мен бағыттардан; ықтималдықтар теориясы мен
математикалық статистика дамуының қазіргі заманғы дәстүрлері мен
перспективті бағыттары туралы
түсінігі болуы керек;
-
ықтималдықтың классикалық және геометриялық анықтамасына;
кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын есептеуге; үлестірімдердің
белгісіз параметрлерінің бағаларын табуға; сенімділік интервалдарын
құрастыруға арналған дәстүрлі ықтималдықтық-статистикалық есептерді
шығаруға
дағдысы болуы керек;
-
ықтималдықтар теориясы және математикалық статистикамен
байланысты кәсіби қызмет мәселелерінде
құзіретті болуы керек;
- ықтималдықтар теориясының негізгі іргелі ұғымдарын; ықтималдықтар
теориясының аксиоматикалық негіздемесін; кездейсоқ шамалардың негізгі
үлестірім заңдарын және олардың қасиетттерін; Бернулли схемасы мен оған
байланысты
шектік
теоремаларды;
кездейсоқ
шамалардың
сандық
сипаттамаларын және олардың қасиетттерін; сипаттамалық және туындатқыш
функциялардың анықтамаларын және қасиеттерін; үлкен сандар заңдарын;
орталық шектік теоремаларды; математикалық статистиканың негізгі есептерін;
нүктелік бағалардың классификациясын; нүктелік бағаларды табудың негізгі
әдістерін; интервалдық бағаларды; гипотезаларды тексеру теориясы негіздерін
білуі керек;
- дәстүрлі ықтималдықтық есептер үшін элементар оқиғалар кеңістігін
құра алатын; ықтималдықтың геометриялық және классикалық анықтамасына
есептер шығара алатын; кездейсоқ шамалардың функцияларының үлестірім
заңдарын таба алатын; практикада жиі қолданылатын кездейсоқ шамалардың
моменттерін есептей алатын; жекелеген модельдік есептерге орталық шектік
теореманың қарапайым нұсқаларын қолдана алатын; эмпирикалық үлестірім
функцияларын, таңдамалық моменттерді, моменттер және максималды
шындыққа сәйкестік әдістерінің бағаларын таба алатын; нормаль үлестірімнің
белгісіз параметрлері үшін сенімділік интервалдарын құрастыра алатын
Достарыңызбен бөлісу: