Төтенше жағдай ошағында – термиялық күюде, суға кетуде медициналық көмек



Pdf көрінісі
Дата10.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#196177
Байланысты:
f606df51f3deb4



Дайындаған: Аленғалиев Нұржан 


Термиялық күйік кезіндегі алғашқы 
медициналық көмек зардап шегушіге жоғары 
температураның ықпалын тоқтатуға, яғни 
жанған киімді сөндіруге, оны жоғары 
температура аймағынан әкетуге, зардап 
шегушінің денесінен күйген киімді шешуге 
бағытталады. Күйген жерді суық судың 
астына 10-15 минут ұстаңыз. Егер дененің 
зақымдалған жері көлемді болса, оның үстін 
суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Егер 
зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған 
суық су беріңіз. 






Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің 
бетіне таза таңғыштар жабу керек. І дәрежелі 
күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, 
калий перманганатымен ылғалдап қоюға 
болады. Көпіршіктерді қыздыруға, алуға 
немесе қандай да бір май жағуға (вазелин, 
май немесе өсімдік майы) болмайды. 
Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. 
Есесіне инфекцияның енуіне жол береді. Бұл 
өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті 
көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық 
емдеуге кедергі келтіреді. 



Жаз айлары — суда жүзіп дем алатын адамдар 
үшін өте қауіпті уақыт. Суда болатын оқиғалардың 
басты себебі - адамдардың өзін-өзі ұстау 
мәдениетінің жоқтығы. Яғни: 
Мас күйінде суға түсу;
Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару 
жабдықтардың болмауы;
Балалардың су маңында ересектердің қарауынсыз, 
жалғыз қалуы;
Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін 
дұрыс есептемеуі;
Шомылуға арналмаған жерде суға түсу. 


Алғашқы көмек көрсету:
Зардап шеккенге 
алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе 
катерге жеткізгенше көрсету, жағдайын толық 
білу қажет, есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы 
жерге әкеліп, ыстық шай, кофе немесе шарап беру 
керек. Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт 
бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол 
тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім 
жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек. 
Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап 
шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; 
зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-
мұрнын лай-құмнан тазартып, таза орамалдан 
істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; 
тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек. 







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет