АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
86
деп бұрынғылар текке айтпаған. «сәуірдің басындағы суық
бітпей, жаз шықпайды», – дегені, – деп Қарабас Абайға ай-
айдың мәнін айта бастады.
Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген
көп білім бар екен.
– «сәуір» – бұл айдың арабша аты...
Абай қазақша ай атының бәрін сұрап,
қайта-қайта
қайырып, жаттап алды. Жазға салымның ең жайсыз кезін
әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.
– Осы «отамалы» – немене? Не деген сөз – өзі? – деп Абай
соны сұрады.
– Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде
шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі
сонда. «Отамалы» деп атанғаны – бір байдың «Отамалы»
деген қой шысы болған екен. көкектің суығы басталған
уақытта әлгі: «Қойды жайылысқа шығармайық, боран бо-
лады. Қойдың
қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан
айырыласың», – десе, бай діні қатты адам екен. «сен тоғы-
шарлық қып, алдап отырсың», – деп,
Отамалыны сабап,
қойды жайылысқа шығартады. сол күні, Құдай көрсетпе-
сін, бір қатты боран басталып, үш күн, үш түн соғып, бар
қойы ығып кетіп, қырылыпты.
Қойдан қалмаймын деп