АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
125
– Өзін көрдің бе? Қай жақтан, қай мезгілде келеді?
– Әлет жақтан таңға жақын келеді, қоңыр аю. келеді де
шетте тұрған жәшікті тасқа бір қойып шағып, балын жейді.
Атуға қорықтым.
– Атпағаның дұрыс болған, – деді Ахмет, – Өлтіре алма
-
саң, өзіңді мерт қылады. Құсақтың сары аюы кісіге шаба
-
ды. Ал
Әлеттің қоңыр аюы болса, зиянсыз, момын, оны
ату – обал.
– Ақа-ау, ол пәле шаруашылыққа зиянын тигізіп жатса,
қалай шыдайсың?
– Өлтірмеу керек, – деді Ахаң, – сол маңайға келмейтін
-
дей етіп, қатты қорқыту керек.
– Олай болса, сол маймақты
өзіңіз бір жөнге салып
беріңізші.
– Жарайды.
... сол күні кешке таман Ахаң омартаға келді. Аюдың
омартаға
келетін жолын, бал жеген жерін, суға сүңгіген
орнын қарап шықты. мұнан кейін ұзындығы 4-5 құлаштай
жіңішке кендір жіпті балауызбен ысқылап алды да жүріп