АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
130
қарап сәл отырды да жанында жатқан көршісін түртті. Ол
қозғала
қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
– Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тірімісің өзің?
– Ой, мазамды алмашы. Бүйткенше, парақтарымның
пәре-пәресі шығып, желмен ұшып кеткені жақсы еді.
– Не боп қалды? «Жалғыз сенің басыңа келді!» – деймісің
бұл қиыншылық?! Біздің де көрген қорлығымыз аз емес.
Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер.
Жөн сұрасайық. кімсің өзің? сыртың бүп-бүтін ғой.
– сыртымды қайтесің? – деді анау жер таяна орнынан
әрең тұрып. – сыртым бүтін болғанмен, ішім – түтін. «Ана
тілі» оқулығымын. мен үшін авторлар түн
ұйқысын төрт
бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері
әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауыспап па еді?
сонда кім үшін? «Балалар оқысын,
сауатын ашсын, адам
болсын!» деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. мен де қолым-
нан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп,
балаларды
адамгершілікке, парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым.
Қырсық қылғанда, «Адырбай» деген баланың қолына тү-
сіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұста-
са, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді, қайтейін?!
– Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ. мен «Ежелгі
дүние тарихы» оқулығы боламын, – деді бірінші кітап. –
«сотқарбай» деген баланың меншігіне тидім.
Әдепкіде