АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
131
оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма қуанып
едім. Оным көпке бармады. сотқарбай суретімді сиямен
бастырып сызып тастады. Оқу жылы аяқталған күні ау-
ласына тас тап кетті.
– Әріптестер, қанша айтқанмен, «Ана тілімін» ғой. менің
айтқанымды тыңдаңдаршы. Әркім өз дүниесіне ұқыпты
болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес. Жоқ емес-ау,
көп. Алайда олардың бір кемшілігі – Адырбай мен сотқар-
бай сияқтыларға ақыл айта алмай келеді. мысалы, менің
өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз мектеп кітапханасы-
на бір күнде түстік. міне, «оқушы» деп оның иесін айт. Он-
дай баланың қолына түссең, арманың болмас. кітаптың
керек бетін белгілеу үшін парағын бүктемейді, қағаз салып
қояды...
– Енді бізді қайтер екен? – деді бір кітап. – Әлде жинап-
жинап, отқа тамызық етер ме екен?
«От» деген сөзден бәрі селк ете қалды. Бір сәтке үндері
шықпай, іштен тынды.
болжа
кітаптардың тағдыры қалай шешілуі мүмкін?
– мүмкін, бір кәдеге жаратар. түптер, – деді «Ежелгі дү-
ние тарихы» сәлден соң басу айтып... – Әріптестерім, «Отқа
тамызық қылады», – деп ұнжырғаларың түспесін. мен та-
рихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, сиямыздан
арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаға жөнелтеді.
Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. «тек келесі жылы
ұқыпты оқушының қолына түссек!» – деңдер.
– соны айтсаңшы, – деді бәрі бірдей жамырап.
танаш Дәуренбеков
кәдеге жарау
–
пайдаға асу
кітапты түптеу
– кітап парақтарын біріктіріп тігу
басу айту
–
тыныштандыру
Ұнжырғасы түсу
– еңсесі түсу, ренжу
|