12
Кесте 2. Кәсіпкерлік субъектілері санаттары
Кәсіпкерлік субъектілері
Қызметкерлердің
орташа жылдық саны
Орташа жылдық табыс
шағын
кәсіпкерлік
субъектілері
15 адамнан көп емес
30 000 АЕК-тен жоғары емес –
2019 жылы 75 750 000
теңге
орта кәсіпкерлік
субъектілері
100 адамнан көп емес
300 000
айлық есептік
көрсеткіштен (АЕК) артық
емес – 2019 жылы 757 500 000
теңге
ірі кәсіпкерлік субъектілері
250 адамнан астам
3 000 000 АЕК жоғары -(2019
жылы 7 575 000 000 теңге
Кәсіпкерлікпен айналысатын, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері
болып табылады
Субъектілерден басқа бизнес жүйесі үш негізгі компонентпен
сипатталады:
1)
өнім өндіру;
2) сауда;
3) коммерциялық делдалдық.
Бизнес жүйесі келесі қажетті жүйелік қасиеттерге (интегративті
қасиеттер) ие:
әлеуметтік-экономикалық егемендік. Егемендік мәміле мәнін өз
бетінше іздеуге, тәуекелге, бастама көрсетуге, заңдық және экономикалық
жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.
Егемендік дегеніміз толық
тәуелсіздік дегенді білдірмейді. Бұл заңдар шеңберіндегі кәсіпорынның
тәуелсіздігін
білдіреді;
іскерлік қатынастар субъектілері мүдделерінің консенсусы.
Консенсус - бұл бизнес қатысушыларының егемендігін құрметтеу
жөніндегі өзара міндеттеме Консенсус-кәсіпкерлік
эволюциясының
жемісі.
Бизнесті зерттеу пәні экономикадағы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің (макроаспект), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
субъектілерінің (микроаспект) бүкіл жиынтығын зерттеу болып табылады
(кесте 3).