148
FB 25 жастағы және одан жоғары жастағы адамдарға арналған кез
келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін қолайлы. FB, сондай-
ақ,
егер контент визуалды емес, ақпараттық сипатта болса қолайлы. Іс-
шаралар жасау және оларға пайдаланушыларды шақыру мүмкіндігі әр
түрлі оқиғаларды жарнамалау үшін пайдалы болады.
SMM көмегімен өз бизнесін ілгерілетуді шешкен OQICO қыздар
оларға қандай әлеуметтік желі қолайлы болатыны туралы ойланды.
Нәтижесінде
олар Instagram, Facebook және YouTube-қа тоқталды.
Instagram жасөспірімдер аудиториясын тартуға,
белгілі бір көрнекі
мазмұнды ұсынуға көмектеседі. Facebook – 25 жастағы және одан жоғары
жастағы клиенттер үшін тамаша алаң, әдетте
FB аудиториясы өнімді
таңдауда нақтылықты ұстанады. YouTube-тағы оқытатын видеосабақтары
оқытушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге көмектеседі. Барлық үш
желілердегі жұмыс мектептің басты клиенттерімен – жоғары оқу
орындарына түсуге дайындалып жатқан жасөспірімдермен және өздерінің
ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын
жақсартқысы келетін ересек
адамдармен өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: