Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата15.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#197224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
I. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР: ТАРИХ,
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
 
1.1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ 
Әлеуметтік философиялық талдау объектісі ретінде жергілікті қоғам 
немесе адамзат бола алады. Қоғам әртүрлі ғылымдардың талдау объектісі 
болып табылады: тарих, социология, тарих философиясы, әлеуметтік 
философия және т.б. Бірақ олардың әрқайсысының өзінің зерттеу пәні бар, яғни 
қоғамды зерттеудегі өз аспектісі, демек, әлеуметтік танымның жалпы және 
өзіндік әдістері бар. Әлеуметтік философия пәні ретінде адамдар қоғамы мен 
қоғамдық адам арасындағы қарым-қатынас танылады.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені 
туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша, оның философияға 
енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл 
мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын, пәндік 
ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға 
онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі 
заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның 
өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен 
қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және 
логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы 
сала әлеуметтік философия деп атала бастады. Әлеуметтік философияға ерекше 
анықтама берген орыс ойшылы С.Л.Франк 1929 жылы ол өзінің негізгі 
шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын 
жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама 
береді: “әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде 
қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай 
міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді». С.Л Франктың әлеуметтік 
философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру 
төңірегінде: 
1. Қоғамдық өмір деген не? 
2. Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы 
мақсаты неде? 
3. Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады 
және неге жетуі мүмкін? 
4. Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын 
алады?
5. Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның шынайы мәні 
неде? 
6. Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен 
құндылықтарға қатынасы қандай? 


Оның айтуынша, әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы 
мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным.
“Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның шынайы, барлығын 
қамтитын құрамы мен нақтылығын көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан 
шығатын қорытынды: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің 
барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және 
т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім 
саласы. Бұл тұрғыдан алғанда, қоғам қоғамдық болмыс, ал адам қоғамдық сана 
түрінде әрекет етеді. Соңғысы, қоғамдық адам ол – ру, этнос, халық, өркениетке 
және т.б. біріктірілген адамдар, бірақ индивид емес дегенді білдіреді. Ал осы 
тұрғыдан қоғам, оның танымы және қоғамдық санасы, сондай-ақ, қоғамдық 
тәжірибе қоғамды зерттейтін басқа ғылымдар және дүниетанымдық 
нысандармен салыстырғанда айқын ерекшелікке ие болады. Осылайша, 
әлеуметтік философия ол – қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты 
қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзара әрекеттесуі түрінде зерттейтін 
философияның ажырамас бөлігі.
Әлеуметтік философия пәні бір жағынан қоғамдық адам және басқа 
жағынан әлеуметтік мекемелер, қоғамдық салалар, қоғамдық құрылымдар, 
қоғамдық өркениеттер және т.б. арасындағы қарым-қатынас болып табылады. 
Бұл жағдайда, қоғамдық адам мәні болып жоғарыда көрсетілген қоғамдық 
формаларда жүзеге асырылатын қоғамдық сана мен қоғамдық тәжірибе болып 
табылады. Осында ерекше атап өтетін нәрсе, әлеуметтік философия қоғамдық 
болмыс пен қоғамдық сананы бөлек-бөлек зерттемей, олардың әртүрлі 
қоғамдық формалардағы (мекемелер, салалар, формациялар және т.б.) қызмет 
етуі мен даму үдерісін зерттейді.
Сондықтан, әлеуметтік философияның маңызды мәселесі – негізгі 
элементтері адамның қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасы болатын 
қоғамды тұтас табиғи-әлеуметтік жүйе ретінде зерттеуі болып табылады. Ең 
алдымен, әлеуметтік философия әртүрлі әлеуметтік-философиялық жүйелерде 
әрқалай түсіндірілетін қоғамдық болмысты зерттейді. Қоғамдық болмыс – оны 
түсіну мен түсіндіруді қиындататын объективті (материалдық) және 
субъективтінің (идеалды) бірлігі болып табылады. Сонда философиялық таным 
әдістерін нақтылау қажеттілігі туындайды: әлеуметтік байланыс және 
әлеуметтік даму, қоғамдық қарама-қайшылық, қоғамдық заңдар, әлеуметтік 
қажеттілік пен бостандықтың арақатынасы және т.б. Бұл жердегі мәселе тиісті 
«қоғамдық» сын есімінде емес, ең алдымен, әлеуметтік-философиялық 
тұжырымдамалардың мәнін анықтауда. Сондықтан, әлеуметтік таным 
ерекшеліктерін талдау әлеуметтік философияның басқа да мәселелерін 
талдаудың алдында болу тиіс.
Әлеуметтік философия тарихында зерттелген объектінің күрделілігіне 
байланысты талдаудың бірнеше бағыты пайда болды: тарихи идеализм, тарихи 
материализм, тарихи реализм. Олар қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана өзара 
байланыс мәселесін және басқа да іргелес мәселелерді әр қарай шешеді. Барлық 
осы бағыттар әлеуметтік шындық тұрғысынан тең деп танылады, яғни олар 
әртүрлі қоғамдарда және әртүрлі тарихи кезеңдерде өздерінің танымдық 


құндылығына ие гипотезалар болып табылады. Мысалы, тарихи материализм 
социалистік қоғамда, ал тарихи идеализм буржуазиялық қоғамда басым болды. 
Қазір адамзат та, әлеуметтік философия да әлеуметтік танымның жаңа 
сатысына көтерілуде. Әлеуметтік философия адамзатты өзара қарым-
қатынастағы жергілікті (жеке) қоғамдардың жиынтығы ретінде зерттейді. Бұл 
жағдайда «адамзат» және «қоғам» ұғымдары әр түрлі болады. Қоғам көптеген 
салалық жүйелерден: географиялық, демографиялық, экономикалық және т.б. 
тұратын тұтас жүйе болып табылады. Бұл әлеуметтік жүйелер әлеуметтік 
ағзалардың құрамдас бөліктері мен функциялары жағынан талданады.
Әлеуметтік философияның осы бөлігін зерттеуден-ақ, қоғамның қандай 
күрделі екендігі және біз бұл туралы қаншалықты аз білетініміз анық болады. 
Әлеуметтік философия мәселелерінің бірі қоғам мен адамзат дамуының үдерісі 
болып табылады. Мұнда әлеуметтік дамудың негізгі субъектілері (жеке 
тұлғалар, элиталар, таптар мен ұлттар); әлеуметтік даму түрлері (циклдік, 
сызықтық, 
спиральдік); 
әлеуметтік 
даму 
үдерісінің 
ерекшеліктері 
(эволюциялық, революциялық, коэволюциялық); барлық күрделілігіндегі 
әлеуметтік прогресс (критерийлер, қажеттілік, баға және т.б.), қозғалыс күштері 
мен әлеуметтік прогрестің жетістіктері, әлеуметтік дамудың саналы және 
өздігінен қатынасы талданады.
Әлеуметтік философияның маңызды мәселесі – әлеуметтік организмнің 
негізгі салалары арасындағы байланыс нысандарын зерттеу, яғни, әлеуметтік 
болмыс элементтерін біріктіру жолдарын зерттеу. Біріктірудің мұндай түрлері – 
өзіндік 
метажүйе 
ретінде 
әрекет 
ететін 
қоғамдардың 
(әлеуметтік 
құрылымдардың) қалыптасуы болып табылады. Осындай метажүйелердің үш 
түрі ажыратылады: саяси, экономикалық, аралас. Оларға дәл сондай қоғамдар 
сәйкес келеді. Қоғамдардың осындай қалыптасуы шеңберінде, оларға сәйкес 
келетін әлеуметтік сананың түрлері пайда болып, онда экономикалық, саяси 
және аралас болмыс танылады. Әлеуметтік философия мәдениет пен 
өркениеттің ұғымымен байланысты қоғамдар мен адамзаттың дамуындағы 
сапалы кезеңдер мәселесімен ұзақ жылдар бойы айналысады. Мәдениеттануда 
мәдениет мәселесі адамзат қоғамы мен адамның жеке сипаты ретінде 
толығырақ зерттеледі. Әлеуметтік философия аясында, мәдениет қоғамның, 
мәдениет даму сатылары өркениеттің сапалық сипаты ретінде қарастырылады. 
Өркениет дамуының бұл жағында жергілікті қауымдар (Мысырлық, Батыс 
Еуропалық, Қытай,т.б.) сипаты да, адамзат дамуының сатылары да 
(индустриялдыға дейінгі, индустриялды, постиндустриялды) зерттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет