5-тәжірибе . Алюминийдің тотықтандырғыш қасиеті – алюминотермия бойынша темір алу. Ол үшін алюмийнидің
бір салмақ бөлігіне темір(III) оксидінің үш салмақ бөлігі келетіндей қоспа даярлаңдар. Қоспаны қағаз бетіне
салып,шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Тәжрибеге керектісін шамалап алыңдар. Бұл қоспаны термитті
қоспа деп аталады. Темитті қоспаны тостағаншаға салыңдар. Содан кейін тостағаншаны ішіне құм салыңған қалбырға
орналастырыңдар. Магний таспасын алып,термитті қоспаға бір ұшын тигізіп орналастырыңдар. Бұл оталдырғыш
қызметін атқарады. Оталдырғыш таспаның термиттік қоспаға батырылған жеріне шамалы магний мен алюминий
ұнтағының қоспасын салыңдар. Осыдан кейін магний таспасының екінші ұшына от қойыңдар. Осы кезде магний көз
қаратпайтын жалын шығарып,тостағаншадан жан жаққа ұшқындар атқылайды. Бұл экзотермиялық реакция
болғандықтан,температура өте жоғарылап кетеді. Реакция біткеннен кейін, түзілген темірді көріңдер. Реакцианы жасау
кезінде өте сақ болыңдар. Тотығу тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
6-тәжірибе. Алюминийдің тұздарына сапалық реакция. а) пробиркаға шамалы алюминийдің ерітіндісін құйып,
оған мүсәтір спиртін қосыңдар. Сонда коллоидты тұнба – алюминий гидроксиді түзіледі. Оған мүсәтір спиртін құйғанда
ол тұнба ерімейді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) алюминий тұздарының азот қышқыл кобальтпен әрекеттескенде түсті реакция беруі. Химиялық стаканға 3-4
мл қандай болмасын алюминий тұзының күшті ерітіндісін құйып, оған бірнеше тамшы азот қышқыл кобальт
Co(NO 3 ) 2 тұзының ерітіндісі мен 10 тамшыдай мүсәтір спиртін тамызыңдар. Қоспаны қайнау шегіне дейін қыздырыңдар. Түзілген
тұнбаны сүзіп ыстық сумен жуыңдар. Одан кейін сүзгі қағазына салып, кептіргіш шкафқа қойып кептіріңдер. Сүзгі
қағазындағы тұнбаның бір бөлігін кәрлен тигеліне салып, бір екі тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызып,
температурасы жоғары муфель пешінде күйдіріңдер. Сол кезде көк түсті