Зертханалық жұмыс №5
Алюминий.
Жұмыстың мақсаты:
Алюминий, хром және марганецтің негізгі қасиеттерімен танысу.
Құралдар:
Темір штатив, пробиркалар, шыны таяқша, ішіне құм салынған темір қалбыр, асбестелген тор, асбест
қағазы, хлор алатын құрал, спирт шамы, техникалық таразы, темір тостағанша, сіріңке, іскек, зат жағатын қасық, үлкен
колба, кәрлен тостағанша .
Реактивтер:
Алюминий мен магнийдің ұнтақтары, кристалдық иод, күкірт, калий перманганаты,
темір(III)оксиді, алюминий хлориді, күміс нитраты, кальций нитраты және алюминий сульфатының ерітінділері.
Концентрациялы күкірт, азот қышқылдары, сұйытылған (1:1) азот, (1:5) күкірт және (1:1) тұз қышқылдары, күйдіргіш
натрий , калий ерітінділері, 25% аммиак ерітіндісі. Аммоний дихроматы, калий дихроматы, этил спирті.
1. Алюминий және оның қосылыстары.
Алюминий ең көп таралған элементтердің қатарына жатады. Ол күміс түсті металл. Жеңіл металдарға жатады.
Меншікті салмағы 2,7 г/см. Алюминиймен жасалатын тәжірибелерге алюминий сымын, фольгасын немесе ұнтағын
пайдалануға болады.
1-тәжірибе.
Алюминийдің ауада тотығуы.
а
) алюминий оттегімен кәдімгі температурада оңай әрекеттеседі.
Мұнда оның беті оксид қабатымен қапталады. Егер оксид қабатын бұзса, алюминийдің ауада тез тотығатынын көруге
болады. Ол үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Пробиркаға жартысына дейін сілті ерітіндісін құйып, қайнау шегіне
жеткізіп қыздырыңдар. Содан соң сілтінің үстіне алюминий сымын салыңдар. 1-2 минуттан кейін алюминий мен сілті
әрекеттесіп, сутегі бәліне бастайды. Сутегі байқарлықтай бәліне бастаған кезде сымды алып суға жуыңдар, содан кейін
құрғатып сүртіңдер. Сымның тазартылған ұшын пробиркаға құйылған азот қышқыл сынап Hg(NO
3
)
2
тұзының
ерітіндісіне батырыңдар. 1-2 минуттан кейін сымның сынап тұзына батырылған ұшын тағы да жақсылап, қағазбен
құрғатып сүртіңдер. Алюминий сынапты өзінің қосылысынан ығыстырып шығарады да, сымның сыртқы бетінде оксид
қабатшасының түзілуіне мүмкіндік бермейді. Қорғайтын оксид қабатшасы болмағандықтан сым 1-2 минут ішінде ауада
тотығып, алюминий оксидінің үлпілдек ұнтағын түзгенін кәруге болады. Бұл қабық бірте-бірте қалыңдай береді. Сынап
және оның қосылыстарын алюминий бұйымдары үшін ең қауіпті ―у‖ болып саналады, сондықтан оны осы удан сақтай
білген жөн. Таза алюминийге қарағанда оның құймалары коррозияға тез ұшырайды.
ә)
осы ілгергі тәжірибедегі алюминий сымын қағазбен сүртіп, ыстық суы бар пробиркаға салыңдар. Оның сыртын
қорғап тұрған оксид қабаты жойылғандықтан, алюминийдің сумен қалай әрекеттесетініне назар аударыңдар. Сутегінің
бөлініп шығуына және суда алюминий гидроксидінің ірімшіктенген ақ тұнбасының түзілгенін байқаңдар. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |