Зертханалық жұмыс №4. Сілтілік жер металдар. Магний және кальций. Жұмыстың мақсаты: Магнийдің және калийдің қасиеттерімен танысу. Судың кермектілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар: Темір штатив, пробиркалар, еолбалар, көмір қышқыл газын алатын құрал, 1- 2 бюретка,
платина сым немесе қарындаш өзегі, сіріңке, спирт шам.
Реактивтер: Магний, калций металдары, магний мен кальций оксидтері, күйдіргіш натр және күйдіргіш калийдің
ерітінділері, құрғақ тұздар:көмір қышқыл кальций, мәрмәр, ғаныш, әк, тұз және күкірт қышқылының сұйылтылған
ерітінділері, көмір қышқыл натрий, хлорлы натрий, көмір қышқыл калций, күкірт қышқыл магний, хлорлы кальций
күкірт қышқыл кальций, хлорлы магний, хлорлы алюминий, қос хром қышқыл алюминий тұздарының ерітінділері,
фенолфталеин, лакмус, метилоранм индикаторларының ерітінділері немесе қызыл және көк лакмус қағазы.
Магний және кальций. Периодтық жүйенің екінші тобында типтік элементтер бірнешеу. Солардың ішінде
берилий мен магний, электрондық құрылысы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Бұлар сілтілік металдарға таяу тұрғаннан
күшті химиялық активті. Берилий топшасындағы элементтер сілтілік металдар сияқты реттік нөмірі өскен сайын
металдық қасиеті күшейеді. Кальцийден бастап төменгі элеметтер сілтілік жер металдары деп аталады. Өйткені олардың
оксидтерінің гидраты сілтілік металдардың гидраттары сияқты сілтілік қасиет көрсетеді. Ертеде Са, Sr, Ba металдары
белгісіз кезде, бұлардың оксидтері белгілі болатын, оның көбін топырақ, «жер» деп атайтын болған. Кейінірек сілтілік
металдар ашылған кезде, ол металдарды бұрынғы атына сай сілтілік жер металдары деп атап кетті. Сілтілік жер
металдары қатты, ақ түсті, металдық жылтыры бар, қасиеттері топша ішінде периодтық заңдылық бойынша өзгеріп
отырады. Енді екінші топтың екі өкіліментаздап танысамыз.
1–тәжірибе. Кальций және магний оксидінің қасиеттерін салыстыру. Жарты грамдай магний және кальций
оксидін екі пробиркаға салып, үстіне тамызғышпен су тамызыңдар. Болған құбылысты салыстырыңдар. Индикатордың
бітімен ерітіндінің сілтілік қасиетін сынап көріңдер. Тағы да осындай мөлшердегі екі оксидтегі пробиркаға салып, енді
екеуіне де шамалы тұз қышқылын құйыңдар. Болған құбылысты салыстырып, реакция теңдеулерін жазыңдар.