CaO + H
2
O = CaO + HCI =
MgO + H
2
O = MgO + HCI =
2 – тәжірибе.
Калийдің және магнийдің сумен әрекеттесуі.
a)
пробиркаға бір-екі түйір керосиннен тазартылған каьлций салып, үстіне пробирканың 1/3 бөлігіндей су құйыңдар.
Кальций қалыпты температурада-ақ сумен әрекеттесіп, реакция нәтижесінде кальций судан сутегіні ығыстырып болған
кежде, аузын түтігі бар тығынмен бекітіп, түтіктің ұшына от қойып, бөлінген сутегіні жағып көріңдер. Реакцияның
жүруі тоқтағаннан кейін, пробиркадағы ерітіндіге фенолфталеиннің ерітіндісін тамызыңдар. Бұл жағдайда болатын
құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә)
магний сумен тек жоғары температурада ғана әрекеттеседі. Ол үшін пробиркаға 1- 2 г өзен құмын салып, үстіне
тамызғышпен бірнеше тамшы су тамызыңдар. Бірақ пробирканың қабырғасын ылғалдап алмаңдар. Содан кейін
пробирканы көлденең ұстап тұрып, ылғанданған құмның алдыңғы жағына ағаш жаңқасымен немесе пышақтың ұшымен
бір шымшымдай магний ұнтағын салыңдар. Пробирканың аузын имек түтігі бар тығынмен тығындап, штативке
көлденең күйінде бекітіңдер. Алғаш магнийді, содан кейін біртіндеп құмды қыздырыңдар.Магний қызарып жана
бастаған кезде ылғалданған құмды күштірек қыздырсаңдар, су буы мен магний шапшаң әрекеттеседі. Реакция
нәтижесінде сутегі бөлінеді, оны түтіктің үш жағынан жағып көруге болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Mg + H
2
O =
3 – тәжірибе.
Әк суының көмір қышқыл газынан лайлануы. Әк суын пробирканың 1/3 бөлігіне дейін құйып, үстіне Кипп
аппаратынан алынған көмір қышқыл газын жіберіңдер. Алғаш ерітінді лайланады, егер көмір қышқыл газын одан әрі
жібере берсеңдер, ерітіндідегі лайлану жойыла бастайды, ол қышқыл екіге бөліп, бір бөлігін қайнатып көріңдер.
Алғашқыдай лайлану қайта байқалады. Осы құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |