Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет59/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

 

отбасы, құндылық категориясының негізгі философиялық және 
психологиялық, педагогикалық тәсілдерін; 
- отбасылық құндылықтың мазмұнын; 
- қоғамдағы және тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мәселелерінде 
отбасылық құндылық категориясын пайдалануды.
 
Студент меңгеруі тиіс:

тұлғалық және әлеуметтік сәйкестік контекстінде отбасы-
адамгершілік құндылық туралы түсініктерін; 
- отбасы-адамгершілік құндылықтарды зерттеудің негізгі әдістерін; 
- отбасылық мәселелерді шешудегі құзыреттілігін қалыптастыру.
 «Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары»
элективті курсының 
мазмұны: 
- педагогикалық жоғары орындары студенттерінің отбасы 
-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық 
негіздерін анықтау; 

«отбасы»,
«құндылық», «рухани - адамгершілік құндылықтар», 
«отбасылық құндылық» 
және
осыдан туындаған «отбасы-адамгершілік 
құндылықтар» 
ұғымдарын құрылымдау, оның мәнін ашу; 
- педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарын, формаларын, 
инновациялық әдістерін пайдалана отырып, сабақта және сабақтан тыс іс–
шаралардың үлгілерін, әдістемелерін ұсыну және т.б. 
 
«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» элективті курсының 
бағдарламасы студенттердің тұлғалық, коммуникативтік, реттеушілік, 
танымдық, әмбебаптық әрекеттерін (мынадай сапалардың құндылығын 
саналы түсіну: жауапкершілік, жақындарын сыйлау және құрметтеу, әртүрлі 
ақпараттарды меңгеру, өз әрекетін бағалау және түзету, өзін-өзі реттеу, 
өзіндік рефлексия, т.б.) дамытуға бағытталған.


Сонымен бірге бұл элективті курс бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие 
жұмыстарының жүйесі құрастырылып, оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыруға ықпал ететін жүйелі педагогикалық іс-әрекеттер белгіленді.
«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» элективті курсының 
бағдарламасы бір-бірімен байланысты үш модульден тұрады: 
«Отбасылық 
құндылықтарды қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» деп 
аталатын бірінші модульде
отбасы, құндылық-пәнаралық ғылыми 
категория, отбасы - адамгершілік құндылықтары ұғымының генезисі, отбасы 

адамгершілік 
құндылықтардың 
жіктемесі, 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарды қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары, студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың компоненттері, 
өлшемдері мен көрсеткіштері ашып көрсетіледі.
«Отбасылық өмірдің адамгершілік негіздері» деген екінші модульде 
отбасы мен неке институтының мәні ерлі-зайыптылық, ата-аналық, туыстық 
қарым-қатынас көпқырлы феномендері арқылы айқындалады.
 
«Отбасылық өмірге дайындау тәжірибесі» атты үшінші модульде 
отбасылық өмірдегі конфликтология мәселелері, бақытты отбасының 
құпиялары, 
репродуктивті 
денсаулық, 
әлеуметтік-құқықтық 
және 
экономикалық құзыреттіліктер, болашақ отбасы иесінің психологиялық 
сауаттылығы тақырыптарымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерін отбасылық өмірге дайындау мақсатындағы психологиялық 
тренинг топтамасы ұсынылады.
Өсиет әңгімелер де ұсынылады, мысалы: Бақыт (шығыс өсиет 
әңгімесі). 
Құдай адамды топырақтан жасады, оның қолында пайдаланылмаған бір 
кесек топырақ қалды. 
- Саған тағы не жасап берейін? - деп сұрады Құдай. 
- Адам: маған бақыт жасап берші деп өтінді.
Құдай үндемей, адамның қолына қалған бір кесек топырақты ұстатты.
Сонымен бірге әлемге белгілі адамдар еңбектерінен үзінділер 
келтіріледі, атап айтқанда, Э.Фромм «Сүю өнері» [215].
Зерттеу бaрысындa дaйындaлғaн даярланған әдістемелік кешен 
болашақ педагогтарды дайындауда білім берудің формалары мен әдістерін 
дамытуға және студенттердің сабақтағы және сабақтан тыс іс-әрекетін 
(отбасы, құндылық, отбасы – адамгершілік құндылықтар мәселесіне 
негізделген іс-әрекетіне қатысу, т.б.) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Білім беру үдерісіндегі мәндік контекстің басымдылығы (өмірлік-
жағдай) қағидасы тұлғалық даму үдерісіне сәйкес жекеге бағытталған, 
студенттің өмірлік жағдайын ескерумен жүзеге асады. 
Студенттің өмір құнылықтар жүйесінде білім берудің орнын жобалау 
мен еске алу қағидасы (оқыту үдерісіне «мазмұнға міндет» қағидасы) 
студенттің тұлғалық дамуы үшін оқытудың мәнділігі туралы айтылады. 
Тұлғалық көзқарастың болуы мен талап ету қағидасы 
яғни оқыту 
үдерісіндегі «тұлғалық әрекетті» таңдау, өзін-өзі бағалау, мән рефлексиясы 


әрекетінде жауапкершілік, шығармашылдық көрсету, шынайы оқу 
жобаларын құруда, меңгерудің құзыретті компоненттерін талап еткенде 
көрінетін әрекеттерге сәйкес болады;
тұлғаның өзіндік жобалау қағидасы
(оқыту үдерісіндегі жобада көрсетілгендей білім алушылардың рефлексивті, 
өзіндік ұйымдастыру әрекеті оның арнайы мәселе қою, оқыту іс-әрекетінде 
«тұлғалық әрекет) педагогикалық әрекетін анықтаудағы өзіндік жолы 
ретінде; 
Сонымен төмендегі 19 - кестеде 
«
Қазіргі заманғы отбасының 
құндылықтары» элективті курсының оқу-тақырыптық жоспары ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет